RAPID FORESIGHT FOR ALIGNING REGIONAL EDUCATION WITH LABOUR MARKET NEEDS: EVIDENCE FROM THE MANGYSTAU REGION
Open Access
- 30 September 2026
- journal article
- Published by K. Zhubanov Aktobe Regional University in Научный журнал "Вестник Актюбинского регионального университета имени К. Жубанова"
- Vol. 85 (3) , 204-210
Abstract
Мақалада Маңғыстау облысы еңбек нарығының қажеттіліктері мен өңірлік білім беру жүйесінің мақсатты кәсіптік даярлықты қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің өзара сәйкестігі зерттеледі. Зерттеудің негізгі мақсаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасын ескере отырып, кадрларды даярлаудың сапасын, өзектілігін және практикалық бағыттылығын арттыру мақсатында Foresight әдіснамасын өңірлік білім беру стандарттарына енгізу. Зерттеу сандық және сапалық әдістерді үйлестіретін аралас зерттеу дизайны негізінде жүргізілді. Алдын ала кезеңде өңірге кешенді талдау жасалып, 700-ден астам респондент арасында сауалнама жүргізілді және мүдделі тараптардың өкілдерімен жартылай құрылымдалған сұхбаттар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, экономика мен білім берудің түрлі секторларынан 79 сарапшының қатысуымен Rapid Foresight семинары өткізілді. Зерттеу нәтижесінде сегіз білім беру бағдарламасына талдау жасалып, олар жаңғыртылды, өңірлік 46 негізгі тренд анықталды, құзыреттерді дамытудың перспективалық бағыттары белгіленді, сондай-ақ өңірлік экономиканың ерекшеліктеріне бейімделген жаңа және перспективалы кәсіптер Атласын әзірлеу бастамасы қолға алынды. Зерттеу нәтижелері адами капиталға қажеттілікті жүйелі түрде болжауды өңірлік білім беруді жоспарлау үдерісіне тиімді интеграциялауға болатынын көрсетті. Осыған байланысты Foresight әдістерін білім беру бенчмаркингіне енгізу білім беру бағдарламаларының икемділігін арттыруға және өңір экономикасының стратегиялық қажеттіліктеріне тікелей жауап беретін жоғары білікті кадрларды даярлауға ықпал етеді.Keywords
This publication has 4 references indexed in Scilit:
- A Foresight Framework for the Labor Market with Special Reference to Managerial Roles—Toward Diversified Skill PortfoliosForecasting, 2024
- ФОРСАЙТ-ПРОГНОЗИРОВАНИЕ РЫНКА ТРУДА В НЕФТЕХИМИЧЕСКОЙ И НЕФТЕГАЗОВОЙ ОТРАСЛИInternauka, 2023
- Skills Technology Foresight in Practice: The Case of the Atlas of New Professions of KazakhstanWorld Futures Review, 2022
- Futuribles of learning 2030 - Delphi supports the reform of the core curricula in FinlandEuropean Journal of Futures Research, 2016