Берілген мақалада экструдер геометриясының механикалық қасиеттеріне, атап айтқанда, кернеу мен деформацияға әсері жан-жақты зерттелді. Зерттеу ANSYS Workbench (WB) бағдарламасында геометриялық параметрлерді өзгерту арқылы жүргізілді, оның ішінде экструдердің қабырға қалыңдығының механикалық мінез-құлқына әсері терең талданды. Алынған нәтижелер қабырға қалыңдығын ұлғайту құрылымдық қатаңдықтың жоғарылауына, нәтижесінде деформацияның азаюына алып келетінін көрсетті. Сонымен қатар, қабырға қалыңдығы белгілі бір шекке жеткенде, кернеулердің төмендеуі байқалды. Бұл құбылыс экструдерлерді жобалауда қабырға қалыңдығының оңтайлы мәндерін анықтаудың маңыздылығын айқындайды. Қабырға қалыңдығының өзгеруі экструдердің деформацияға және динамикалық жүктемелерге төзімділігін арттырып, оның жұмысындағы сенімділікті едәуір жақсартады. Оңтайлы қабырға қалыңдығын таңдау экструдердің тиімділігін арттырып, жұмыс мерзімін ұзартады. Алынған нәтижелер экструдердің механикалық қасиеттерін жақсартуға, оның беріктігін арттыруға және ұзақ мерзімді сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері өндіріс саласында экструдерді қолдану тиімділігін арттырып қана қоймай, оның қызмет ету мерзімін ұзартуға бағытталған шешімдерді енгізуге ықпал етеді. Бұл өндіріс сапасын жақсартуға көмектеседі. Мақалада көрсетілген әдістеме жобалау процесін едәуір жылдамдатып, тиімді әрі экономикалық шешімдер жасауға мүмкіндік береді. Жұмыстың нәтижелері инженерлер мен жобалаушыларға экструдердің құрылымдық параметрлерін оңтайландыруға нақты ұсыныстар береді, бұл өндірістің сапасын арттырып, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: экструдер, параметрлеу, ANSYS Workbench, механикалық қасиеттер, 3Д қүрылыс принтер.