Қызылорда облысы топырақ жамылғысының тұздану көрсеткіштері
Authors:
- Салтанат ИбадуллаеваСИСалтанат Ибадуллаева
- Гулнар ЗияеваГЗГулнар Зияева
- Гульжас ТоқтағановаГТГульжас Тоқтағанова
- Клара АжмолдаеваКАКлара Ажмолдаева
- Жақсыбай ТулеубаевЖТЖақсыбай Тулеубаев
Open Access
- 30 September 2026
- journal article
- Published by L. N. Gumilyov Eurasian National University in Journal of Ecology and Sustainability
- Vol. 156 (3) , 81-95
Abstract
Топырақтың өнімділігін айқындайтын қасиеттерінің көпжылдық динамикасын зерттеу мәселесі – топырақтану ғылымындағы ең өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Бұл мәселе әсіресе аридті аймақтарда өте өткір сипатқа ие, өйткені мұнда суармалауға, жер асты сулары деңгейінің көтерілуіне және ирригациялық-гидроморфты немесе жартылай гидроморфты топырақтардың қалыптасуына байланысты екінші реттік тұздану үдерістері кеңінен таралған. Қызылорда облысында суармалы егістік жерлердің басым бөлігі тұйық ойыстарда орналасқан, бұл қайта тұздану үшін қолайлы жағдай туғызады. Сонымен қатар cyapy нормалары дұрыс сақталмаған жағдайда егістік алқаптардағы топырақ құнарлылығы өзгеріп, соның салдарынан құнарлы жерлердің аумағы азайып, топырақтың екінші реттік тұздануы жүреді. Егістік жерлердің мелиоративтік жағдайының нашарлауы қайта тұздануға және тұзды жер асты сулары деңгейінің көтерілуіне әкеледі. Кейбір жағдайларда қайталама тұздану күріш алқаптарынан келетін судың cyapy арналары арқылы егістік жерлерге түсуі нәтижесінде де байқалады. су және жер ресурстарын ұтымсыз пайдалану, аумақтардың құрғауы мен шөлденуі топырақ пен жер асты суларының тұздану үдерістерін күшейтеді. Рельефтің үстірт бөліктерінде, ойпаңдарда және теңіз жағалауында сұр-қоңыр топырақтар мен әртүрлі сортаңдар кең таралған. Арал теңізі деңгейінің үздіксіз төмендеуіне байланысты сортаң алқаптардың аумағы тұрақты түрде ұлғайып келеді. Айта кету керек, күріш егісі аудандарында тұзданған топырақтарды картографиялау жұмыстары бұрын жүргізілмеген. Осыдан қазіргі тұзданған жерлердің аудандарын және олардың таралу динамикасын жан-жақты түгендеу қажеттілігі туындайды. Мақалада Қызылорда облысындағы тұзданған топырақтарды бірқатар көрсеткіштер бойынша бағалау деректері берілген, соның ішінде тұздану типі мен тұздардың орналасу тереңдігі қарастырылған. Сондай-ақ сульфат-аниондардың, кальций катиондарының, магний иондарының мөлшеріне химиялық талдау жасалып, натрий мен калий иондарының пайыздық үлесі қарастырылған.This publication has 7 references indexed in Scilit:
- Soil Salinity Estimation for South Kazakhstan Based on SAR Sentinel-1 and Landsat-8,9 OLI Data with Machine Learning ModelsRemote Sensing, 2023
- Operational Mapping of Salinization Areas in Agricultural Fields Using Machine Learning Models Based on Low-Altitude Multispectral ImagesDrones, 2023
- Sentinel-2 Images for Effective Mapping of Soil Salinity in Agricultural FieldsCurrent Science, 2021
- Soil Salinity Mapping Using Machine Learning Algorithms with the Sentinel-2 MSI in Arid Areas, ChinaRemote Sensing, 2021
- Soil salinity assessment using vegetation indices derived from Sentinel-2 multispectral data. application to Lezíria Grande, PortugalAgricultural Water Management, 2020
- Comparison of diffusive gradients in thin-films (DGT) and chemical extraction methods for predicting bioavailability of antimony and arsenic to maizeGeoderma, 2018
- Hillel, D. Introduction to Environmental Soil Physics . Elsevier Academic Press, Amsterdam, 2004. xvi + 494 pp. £37.50, hardback. ISBN 0‐12‐348655‐6.European Journal of Soil Science, 2005