ҚАЗАҚ, ОРЫС, АҒЫЛШЫН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНДЕГІ БАС/ ГОЛОВА/ HEAD КОНЦЕПТІСІНІҢ КӨРІНІСІ
Open Access
- 26 June 2026
- journal article
- Published by Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov" in Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University. Philological Series
- No. 2
Abstract
Зерттеудің мақсаты – қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі бас, голова және head концептілерінің фразеологиялық бірліктер жүйесінде көрініс табу ерекшеліктерін айқындау.. Бұл зерттеу аталған үш тілде бас концептісі арқылы берілетін ой, мағына және бейнелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдауға бағытталады. Әр тілдің өзіндік мәдени, әлеуметтік және тарихи контекстін ескере отырып, басконцептісінің тілдік бейнелену сипаты қарастырылады. Сондай-ақ әр халықтың дүниетанымы мен өмір салтына байланысты аталмыш концептінің қолданылу ерекшеліктері анықталады. Жалпы алғанда, бұл зерттеу басконцептісінің әр тілдегі көрінісін және оның фразеологизмдер құрамындағы қызметін зерделей отырып, мәдениетаралық байланыстарды, тілдің құрылымдық ерекшеліктерін және сөздің символикалық мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы – тілдер арасындағы мәдени және тілдік ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындау арқылы фразеологиялық бірліктердің мағыналық және символикалық ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік беруінде. Әр тілдің мәдени, дүниетанымдық және әлеуметтік құрылымына сүйене отырып, бас/голова/head концептісінің қалыптасу ерекшеліктерін салыстырмалы тұрғыда талдау тілдер арасындағы концептуалдық өзгешеліктерді анықтаудың жаңа әдістемелік көзқарасын ұсынады. Аталған концептілердің түрлі фразеологизмдерде қолданылу сипатын сараптау адамзаттың дүниетанымдық жүйесін, әлемді қабылдау және түсіну тәсілдерін айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зерттеудің ғылыми жаңалығы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерге салыстырмалы талдау жүргізу арқылы тілдер арасындағы концептуалдық ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, сондай-ақ әр халықтың мәдени және когнитивтік ерекшеліктерін терең зерделеуге бағытталғанында көрінеді.This publication has 3 references indexed in Scilit:
- Lexico-Semantic Field and Conceptual Feature of the Concept "Ақыл/Mind"World Journal of English Language, 2024
- Digital Lifeworld and Communicative Interaction: Conceptualizing the Transformative Potentials of Social Networking in the Public SphereJournal of Linguistics and Communication Studies, 2023
- How to kick the bucket and not decompose: Analyzability and idiom processingJournal of Memory and Language, 1989