Abstract
Cүйектің минералды тығыздығының төмендеуі жастарда да жиі байқалады. Тірек-қимыл аппаратының қалыптасу үрдісінде дене белсенділігінің төмендеуі сүйек массасының жетіспеушілігі мен құрылым бұзылыстарына ықпал ететін жетекші фактор болып табылады. Сонымен қатар, егде жастағы адамдарда күнделікті серуендеу және гимнастикалық жаттығулар сияқты белсенді өмір салты сүйек массасының жоғарылауына және сыну қаупінің төмендеуіне ықпал етеді.Зерттеудің мақсаты: жоғарғы медициналық оқу орны оқытушыларының арасында физикалық белсенділіктің сүйек тінінің минералдық тығыздығына әсерін бағалау.Әдістер. Зерттеуге клиникалық және теориялық кафедралардың 100 оқытушысы қатысты. Оқытушыларға оффлайн және онлайн форматта сауалнама жүргізілді. Зерттеудің екінші кезеңінде сүйек тінінің минералдық тығыздығының деңгейінанықтау мақсатында ультрадыбыстық остеометрия жасалды.Нәтижесі. Остеопения анықталған оқытушылардың 8%-ы және остеопорозбен ауыратын оқытушылардың 2%-ы мүлдем жаттығу жасамағандардың қатарында болды. Остеопороз анықталған клиникалық кафедра оқытушыларының 4%-ы дене шынықтырумен айналыспаған.Қорытынды. Төмен физикалық белсенділік жас адамдар мен оқытушылар арасында сүйек тінінің минералдық тығыздығының төмендеуіне маңызды фактор болып табылады. Бұл физикалық жаттығулармен айналыспайтын адамдар арасында остеопения және остеопороз жағдайларының жоғары пайызымен расталады. Тұрақты физикалық белсенділік сүйек массасын сақтауға және сыну қаупін азайтуға, әсіресе егде жастағы адамдарға көмектеседі.