КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ ЖАҒДАЙЫНДА МОЙЫНҚҰМ ҚҰМДЫ МАССИВІНІҢ ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ӨЗГЕРУ ДИНАМИКАСЫН БАҒАЛАУ
Open Access
- 20 March 2025
- journal article
- Published by al-Farabi Kazakh National University in Journal of Geography and Environmental Management
- Vol. 76 (1)
Abstract
Аумағының 70% шөлейтті және шөл зонасы алып жатқан еліміз үшін жаһандық климаттың өзгеру жағдайында құмды массивтердегі жайылымдық алқаптарды тиімді пайдалану және олардың жай-күйіне мониторинг жасап отыру бігінгі күнде өте өзекті мәселе. Біз бұл зерттеу жұмысында Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) деректері мен кешенді далалық зерттеу жұмыстарын және де көпжылдық климаттық деректерді пайдалана отырып, Мойынқұм құмды массивіндегі өсімдік жамылғысының өзгеру динамикасына талдау жасадық. Вегетациялық индекстердің (NDVI, EVI) көрсеткіштері бойынша 2000 жылдан 2024 жылға қарай Мойынқұм құмды массивінің кейбір бөліктерінде өсімдіктер жамылғысының айтарлықтай жақсарғаны байқалады. ЖҚЗ деректері негізінде алынған нәтижелерді тексеру (верификация) мақсатында зерттеу аумағына далалық жұмыстар ұйымдастырылды (22 нүкте) және 5 метеорологиялық станциялардың (Ойық, Ұланбел, Құлан, Тасты және Мойынқұм) көпжылдық климаттық деректері алынып, талданды. 2000-2023 жылдардағы орташа жылдық температура 1980-2000 жылдармен салыстырғанда Ойық МС – 1,1 ℃, Ұланбел МС – 1,0 ℃, Құлан МС – 1,0 ℃, Тасты 1,1 ℃ және Мойынқұм МС – 1,0 ℃ жоғары. Сонымен қатар, 2000-2023 жылдардағы орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 1980-2000 жылдармен салыстырғанда Ойық МС – 12,1 мм, Ұланбел МС – 10,4 мм, Құлан МС – 20,5 мм, Тасты 9,9 мм және Мойынқұм МС – 5,5 мм-ге жоғарылаған. Зерттеу аумағындағы метеорологиялық станциялардың деректері негізінде климаттық деректерді талдай отырып, аумақтағы соңғы жылдары өсімдік жамылғысының жақсарғанына климаттық жағдайлар, соның ішінде жауын -шашын мөлшерінің көбейгенінің әсері болуы мүмкін.Keywords
This publication has 9 references indexed in Scilit:
- Changes in the Quality of Vegetation Cover and Soil of Pastures in Semi-Deserts of West Kazakhstan, Depending on the Grazing MethodsJournal of Ecological Engineering, 2022
- Modeling Climate Change Impacts on Rangeland Productivity and Livestock Population Dynamics in Nkayi District, ZimbabweApplied Sciences, 2020
- Modeling the spatial distribution of grazing intensity in KazakhstanPLOS ONE, 2019
- Use of remote sensing to identify areas at risk of degradation in the semi-arid regionRevista Ciência Agronômica, 2018
- Feeding proteins to livestock: Global land use and foodvs.feed competitionOCL, 2014
- The roles of livestock in developing countriesAnimal, 2013
- Rangeland Degradation, Poverty, and Conflict: How Can Rangeland Scientists Contribute to Effective Responses and Solutions?Rangeland Ecology & Management, 2012
- An ecological assessment of pasturelands in the Balkhash area of Kazakhstan with remote sensing and modelsEnvironmental Research Letters, 2012
- A Green Planet Versus a Desert World: Estimating the Maximum Effect of Vegetation on the Land Surface ClimateClimatic Change, 2000