Abstract
Қазақстан аумағының жайылымдық ресурстарын ғарыштық бақылау оларды пайдаланудың өзекті мәселелерін анықтады. Біріншіден, бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жайылымдық ресурстарды ұтымсыз пайдалануы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 11,8 млн. гектардан астам жайылымдарда мал жоқ, ал 7,4 млн. гектарда – мал басының жүктемесі 20%-дан кем. Екіншіден, жайылымдардың деградациялық үдерістерінің дамуы байқалады, сонымен Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі – ЖҚЗ) деректері бойынша 10,2 млн. гектардан астам жайылым белгілі бір дәрежеде деградацияға ұшырайды. Сондай-ақ, өңірлердің жер балансында жайылымдар бойынша кеңістіктік деректердің 35%-на дейін жоғалатынын атап өту қажет, бұл олардың тиімді басқарылуына дұрыс әсер етпейді. Бұл ретте ауылдық аумақтар үшін ең өзекті проблемалардың бірі болып табылатын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаевтың ерекше бақылауында тұрған, мал жаюға арналған жайылымдардың тапшылығы мәселесі өткір тұр [1]. ЖҚЗ және ГАЖ-талдау деректері бойынша жайылымдық өсімдіктердің кеңістіктік сипаттамаларын зерделеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысының шеңберінде жайылымдық жерлерді жоспарлау және басқару құралдары әзірленді. Бұл мақала BR10764915 «Жайылымдарды қалпына келтірудің және ұтымды пайдаланудың (жайылымдық ресурстарды пайдалану) жаңа технологияларын әзірлеу» нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламасының «Жайылым ресурстарын басқару және оларды ұтымды басқару жүйесінде ГАЖ технологиялары мен ЖҚЗ деректерін пайдалану» шарасы шеңберінде дайындалды.

This publication has 12 references indexed in Scilit: