Оқушылардың монологтік сөз мәдениетін дамытуда подкаст әдісінің тиімділігі
Authors:
- Б.с. БейсенбаеваБББ.с. Бейсенбаева
- А.қ. РауандинаАРА.қ. Рауандина
- Г.к. ЖылқыбайГЖГ.к. Жылқыбай
Open Access
- 28 December 2024
- journal article
- Published by L. N. Gumilyov Eurasian National University in Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University PHILOLOGY Series
- Vol. 149 (4) , 224-238
Abstract
Бұл мақалада оқушылардың монологтік сөз мәдениетін дамытуда оқу подкасттарын қолданылу тиімділігі қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде инновациялық әдістердің бірі ретінде подкасттар оқу процесін интерактивті әрі қызықты ету үшін кеңінен қолданылуда. Подкасттардың білім беру үдерісіндегі артықшылықтары, атап айтқанда, ақпараттың қолжетімділігі, сөздік қорды байыту және тілдік дағдыларды дамыту мүмкіндіктері талданады. Оқу подкасттары білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың сөйлеу мәдениетін және коммуникативтік дағдыларын дамытуға оң әсер етеді. Бұл мақала педагогтарға подкасттарды оқу процесінде тиімді қолданудың жолдарын ұсыну арқылы қазақ тілін оқытудың сапасын арттыруға бағытталған. Мақаланың басты мақсаты – білім беру подкасттары арқылы оқушылардың сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытудың ғылыми негізделген және эксперименталды түрде дәлелденген әдістемелік жүйесін ұсыну. Сонымен қатар подкасттардың оқу процесіндегі рөлі анықталып, оларды білім беруде қолданудың ерекшеліктері мен тиімділігі талданады. Мақалада подкаст әдісінің оқушылардың мәтіндерді түсіну, талдау және интерпретациялау қабілетіне әсері зерделенеді. Оқу процесінде подкасттарды қолдану оқушылардың тілдік дағдылары мен сөйлеу мәдениетін дамытуға қалай ықпал ететіні анықталады. Зерттеу жұмысының мақсатына сай білім беру процесінде білім беру подкасттарын тиімді пайдалану жолдары анықталып, педагогикалық тәжірибеде оның мүмкіндіктеріне баға беріледі. Зерттеу барысында алынған деректер мен талдау нәтижелері негізінде подкасттарды оқу процесіне интеграциялаудың артықшылықтары жан-жақты талданады.Keywords
This publication has 7 references indexed in Scilit:
- The Use of Podcasts for Language Learning: A Systematic Review of LiteratureInternational Journal of English Language Studies, 2024
- Қазақ тілін оқыту үдерісінде қолданылатын тапсырма түрлеріBulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University PHILOLOGY Series, 2023
- Enhancing Speaking Skill By Utilizing Podcast Material for Teenager LearnersELT Worldwide: Journal of English Language Teaching, 2023
- Communicative-pragmatic paradigm: the importance and opportunities for the formation of speech cultureEurasian Journal of Philology: Science and Education, 2021
- PODCAST: An alternative way to improve EFL students’ listening and speaking performanceEnglisia: Journal of language, education, and humanities, 2019
- Student-Produced Podcasts in Language Learning – Exploring Student Perceptions of Podcast ActivitiesIAFOR Journal of Education, 2017
- Podcast Applications in Language Learning: A Review of Recent StudiesEnglish Language Teaching, 2012