Abstract
Бұл мақалада Генчи және Штанге сынамалары негізінде дене дайындығын тестілеу арқылы кұзға өрмелеудің өскелең ұрпақтың дене дамуына әсерін зерттеу нәтижелері, сондай-ақ құзға өрмелеумен айналысатын балалардың ата-аналары арасында сауалнама жүргізілді. Қазіргі уақытта оқыту мен тәрбиелеу үдерісін айқындайтын елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайында елеулі өзгерістер болды. Құзға өрмелеу туризмнің белсенді түрлерінің бірі ретінде оқушылардың тәрбиелік, сауықтыру және білім беру қасиеттеріне жан-жақты әсер етеді. Дене дамуының ерекшеліктері мектептегі балалардың дене тәрбиесінің міндеттерін анықтайтыны белгілі. Білім беру мектептеріндегі окушылардың денсаулығы мен дене даярлығының нашарлау мәселесі байқалатын ғылыми жұмыстардың жеткілікті саны бар. Дене тәрбиесінің теориясы мен тәжірибесінде спорттық құзға өрмелеуді қолдана отырып, туризмнің белсенді түрлерінің элементтерімен дене шынықтыру сабақтарында жалпы білім беретін мектептерде оку үдерісін оңтайландырудың әртүрлі мүмкіндіктері қарқынды дамуда. Қазіргі уақытта көптеген елдер кұзға өрмелеуді балалардың дене дамуына арналған мектеп бағдарламасына қосады, өйткені кұзға өрмелеу бес негізгі әрекетті - жылдамдық, күш, ептілік, икемділік пен шыдамдылықты барынша...