ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТОПЫРАҚТЫҢ, ӨСІМДІКТЕРДІҢ, СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ МАЛ ӨНІМДЕРІНІҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ
Open Access
- 25 March 2024
- journal article
- Published by West Kazakhstan Agrarian Technical University named after Zhangir Khan in Ġylym ža̋ne bìlìm
- Vol. 1 (1(74)) , 101-109
Abstract
Еліміздегі меншіктік радиоактивтілігін анықтау үшін сынаманы топырақ – су – өсімдік өнімдерін алынды зерттеу үшін төрт облыс, яғни: Қызылорда, Түркістан, Алматы және Абай облыстары географиялық ерекшеліктерін ескере отырып таңдалады. Әр облыстан аталған үш өнімнен сынама алынды. Зерттеу жұмыстары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жүргізілді. МКС АТ – 1125 дозиметр – радиометрі құрылғысы көмегімен зерттелді. Зерттеу нәтижелеріне келетін болсақ төрт облыстың меншіктік радиактивтілігі шектік мөлшерге сай болды. Судан алынған сынаманың меншікті радиоактивтілігі ең жоғарығысы Абай облысы және Қызылорда облысы - 20,0 бк/кг(л) екендігі анықталды, ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысы - 19,7 бк/кг (л), Алматы облысында бұл көрсеткіш - 0.1 бк/кг (л) жоғары болды. Топырақтың көрсеткіштерін анықтау барысында ең жоғарғы көрсеткіш Алматы облысында - 168,8 бк/кг анықталды. Ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысы - 92,5 бк/кг, Абай облысы - 7,9 бк/кг -ға көп, ал Түркістан облысы - 0,9 бк/кг -ға жоғары. Өсімдіктен, яғни жем-шөптен алынған сынамаларды зерттеу барысында ең жоғарғы көрсеткіш Абай облысы - 24,1 бк/кг екендігі анықталды. Ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысы - 20,45 бк/кг тең, Алматы облысы - 2,9 бк/кг - ға жоғары, ал Түркістан облысы - 2,15 бк/кг -ға көп.This publication has 3 references indexed in Scilit:
- Radiation adverse outcome pathways (AOPs) are on the horizon: advancing radiation protection through an international Horizon-Style exerciseInternational Journal of Radiation Biology, 2022
- Best practices for predictions of radionuclide activity concentrations and total absorbed dose rates to freshwater organisms exposed to uranium mining/millingJournal of Environmental Radioactivity, 2022
- Radiation Biology and Its Role in the Canadian Radiation Protection FrameworkHealth Physics, 2019