RESULTS OF PHYTOSANITARY MONITORING OF POTATO PESTS AND DISEASES

Authors:

Abstract
Картоп – ауыл шаруашылығында кеңінен тараған дақылдардың бірі. Дүние жүзіндегі тағамдық дақылдар ішінде күріш пен бидайдан кейінгі орында тұрады. Картоп құрамындағы сапалы ақуыздың, әртүрлі дәрумендердің және тағы басқа заттардың, адам денсаулығына өте қажетті қоректік қасиеті бар. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі әрбір адамның картопты тағамдық азық ретінде тұтынуының жылдық мөлшері 110 кг құрайды. Бір килограмм түйнекте 840 калориясы бар, адамның тәуліктік рационында айтарлықтай орын алады. Біріншіден, ауыспалы егіс жүйесіндегі көптеген дақылды картоптан кейін отырғызған қолайлы, картоп еккен жер арамшөптерден тазарады және қолданған тыңайтқыштарға, мерзімінде суарған суға, байланысты өнімі де жоғары болатын дақыл. Алматы облысы шаруа қожалықтарының тәжірибе мөлтегінде картоп егістігінде кездесетін зиянкестермен ауруларға маршруттық бағытты есептеу жұмыстары жүргізілді. Бағытты маршрутты зерттеуде картоп егістігінде колорад қоңызы орта есеппен 1м2 жерде – 0,5-0,8 дана қоныстанғаны анықталды.Колорад қоңызы бірінші ұрпағының дернәсілдері мамыр айының екінші онкүндігінде шықты, оның бір шаршы метрдегі саны 0,5-3,0 дананы құрады. Зиянкестерге қарсы тәжірибе мөлтегінде Борей с.к., (0,1л/гa); Агрис к.с., (0,06 л/гa); Мерлин, к.с., (0,1л/гa); Петра 5% э.к., (0,1 л/гa); Каратэ,050 э.к., (0,1л/гa) препараттарымен бүрку жұмыстары жүргізілді.Фитофтороз 1%; шеңберлі дақ – 0,7%; сулы шірік – 0,25%; картоптың қотыры – 0,5% құрады.