Картоп – әлемдегі маңызды азық-түлік дақылдарының бірі. Өндіріс көлемі бойынша күріш және бидай сияқты дақылдардан кейін 3-ші орында. Ауру қоздырғыштары, зиянкестер мен арамшөптер әлемдегі ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің шамамен 1/3 бөлігін жояды. Қазіргі уақытта отырғызу материалының әртүрлі зиянды организмдермен зақымдалуы барлық дерлік аймақтарда және көптеген шаруа қожалықтарында картоп өнімділігінің төмен болуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Бұған дақылдың биологиялық ерекшеліктері – вегетативті көбеюі ықпал етеді. Сондықтан, ең алдымен, картоп егістіктерінде зиянкестер көбейіп, айтарлықтай зиян келтіргенге дейін зиянды организмдерді азайтудың профилактикалық агротехникалық әдістерін қолдану маңызды, Мақалада картопты зиянды организмдерден қорғау құралдарын қолдану бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Зерттеу нәтижелері бойынша картоптың зиянды организмдерімен (зиянкестер, аурулар) күресте өсімдіктерді қорғаудың химиялық әдісі ең жылдам және жоғары тиімді болып табылады. Картоптың саңырауқұлақ аурулары мен зиянкестерімен күресуде Фунгоцеб фунгициді және Коралл инсектициді жоғары тиімді болып табылатыны анықталды. Аталған препараттар картоп өсімдіктерінің аурумен зақымдануының 86,9% төмендеуін және колорадо қоңызымен күресте 90,6% жойылуын қамтамасыз етті. Ал сақталған өнім мөлшері 27,0% және 28,0% құрады.