Religious particularism: causes and manifestations
Authors:
- Нұр-Мүбарак ЕимуНЕНұр-Мүбарак Еиму
- Tussiphan ImammadiTITussiphan Imammadi
- Ернар ЕсімқұловЕЕЕрнар Есімқұлов
Open Access
- 30 March 2025
- journal article
- Published by L. N. Gumilyov Eurasian National University in Jete – Jоurnal of Philosophy, Religious аnd Cultural Studies
- Vol. 150 (1) , 107-116
Abstract
Мақалада партикуляризм ұғымы, оны діни топтар мен дін ұста- нушылардағы көрінісі талданған. Діни партикуляризмнің алғышарттары, дін ұстанушыдан өзгелерден діндар болуды талап етушіге айналу үдерісі көрсетілген. Әсіредіншілдіктің күшеюіне діни топтардың ықпалы, топта- су құбылысының, жалпы топтық санадан тобырлық санаға өтудің, оның діндарлыққа әсері талданған. Ақиқатты монополиялаудың себептері мен нәтижесі – әлеуметтану және дін әлеуметтануы зерттеушілерінің тұжы- рымының негізінде талданған. Партикулярист санадағы топтар мен тұлғалардың қандай ұстаным көрсететіні жеке-жеке сарапталған. Діндар- лар қандай дінді немесе бағытты ұстанса да партикулярист діни түсінік- тен аулақ болып, плюралистік дін түсінігін ұстануының маңыздылығы көрсетілген. Теологтар тарапынан дін – жақсылық пен бейбітшіліктің ор- дасы ретінде сипатталады. Функционалист теоретиктер де дінді қоғам- дық интеграцияның қуатты құралы ретінде көреді және шынайы адамзат қоғамын ынталандыратын ғаламдық мәдениеттің маңызды тірегі екенін айтады. Алайда діннің ұстанушыларының бойындағы көрінісі қоғамда қарама-қайшы пікірлер тудырады. Бұл құбылыс өз кезегінде тұлғалық келіспеушіліктің топтық келіспеушілікке айналуына жол ашады. Бұның ең басты себептерінің бірі де діни партикуляризм. Мақалада дінді меншік- теуден, өзгелерді шеттетуден бас тарту, толерантты ұстаным осы мәсе- лені шешудің бірден бір жолы екендігі көрсетілген.Keywords
This publication has 2 references indexed in Scilit:
- RELIGIOUS MONOPOLIES AND THE COMMODIFICATION OF RELIGION2013
- The Protestant Ethic and the Spirit of CapitalismTeaching Sociology, 2002