АДАМИ ФАКТОРДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАҒАЛАУ МОДЕЛІ
Open Access
- 30 September 2026
- journal article
- Published by K. Zhubanov Aktobe Regional University in Научный журнал "Вестник Актюбинского регионального университета имени К. Жубанова"
- Vol. 85 (3) , 43-52
Abstract
Мақалада білім беру мекемелерінің ақпараттық-білім беру жүйелерінің (АББЖ) ақпараттық қауіпсіздігінің (АҚ) тәуекелдерін бағалау міндеті қарастырылған. АҚ тәуекелдерін басқарудың қолданыстағы әдістері мен модельдері негізінен корпоративтік және маңызды ақпараттық жүйелердің объектісін қарастыратыны көрсетілген. Бұл модельдер білім беру ортасының ерекшелігін толық ескермейді. Ақпараттық активтер, қауіптер, осалдықтар және пайдаланушылардың мінез-құлық сипаттамалары арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды ресімдеуге мүмкіндік беретін Байес желілерінің аппаратына негізделген АҚ тәуекелдерін бағалаудың ықтималдық моделі ұсынылған. Модель статистикалық және сараптамалық деректердің интеграциясын қамтамасыз етеді және оқу орнының мамандарына жүйенің жай-күйі туралы ішінара апарат болған кезде қауіптерді іске асырудың артқы ықтималдығын есептеуге мүмкіндік береді. Адам факторы модельге пайдаланушылардың хабардарлық деңгейін, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауды және олардың мінез-құлқының ерекшеліктерін сипаттайтын байқалатын кездейсоқ айнымалы ретінде енгізілген. Қауіптерді іске асырудың артқы ықтималдығы негізінде күтілетін залал және тәуекелдің интегралды деңгейі анықталады. Ұсынылған тәсілдің өнімділігі білім беру мекемесінің мәліметтеріне есептеу эксперименті арқылы тексеріледі. Рұқсат етілмеген қолжетімділікті, зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді және фишингтік шабуылдарды қоса алғанда, үлгілік ақпараттық активтер және білім беру ортасына тән қауіптер қаралды. Ұсынылған модельдің өнімділігі оқу орнының деректеріндегі есептеу экспериментімен расталады. Эксперимент адам факторының күтілетін зиянға және АҚ интегралды тәуекеліне әсерін талдады. Нәтижелер ұсынылған модельдің мінез құлық параметрлерінің өзгеруіне сезімталдығын көрсетті және оның білім беру мекемелерінің ақпаратын қорғау саласындағы басқарушылық шешімдерді негіздеу үшін практикалық қолданылуын растады.Keywords
This publication has 9 references indexed in Scilit:
- Risk Assessment Maturity Level of Academic Information System Using ISO 27001 System Security Engineering-Capability Maturity ModelJournal of Applied Engineering and Technological Science (JAETS), 2024
- Information Security Risk Management Framework for A Governmental Educational InstituteJournal of Information and Knowledge Management, 2023
- InfoSec Risk Assessment Methodology based on the example of Learning Management Systems AnalysisBulletin of the Karaganda university Pedagogy series, 2022
- IDENTIFICATION OF THREATS BASED ON A LIMITED SET OF DATA IN THE ASSESSMENT SECURITY SYSTEMS AND MEASURES FOR THEIR IMPLEMENTATIONH&ES Research, 2022
- Information security management frameworks and strategies in higher education institutions: a systematic reviewAnnals of Telecommunications, 2020
- Information security issues in educational institutions2020
- Information security policies’ compliance: a perspective for higher education institutionsJournal of Computer Information Systems, 2018
- Information security risks management framework – A step towards mitigating security risks in university networkJournal of Information Security and Applications, 2017
- Information Security Management for Higher Education Institutions2014