Орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың психологиялық саулығына әсер ететін факторларды зерттеу
Authors:
Open Access
- 30 September 2025
- journal article
- Published by Karagandy University of the name of academician E.A. Buketov in Bulletin of the Karaganda university Pedagogy series
- Vol. 11930 (3) , 94-103
Abstract
Мақала мектеп оқушыларының психологиялық саулығы мен жалпы психоэмоционалдық жағдайына арналған. Оқушылардың психологиялық саулығы олардың өмірлік қиындықтарға төтеп беру қабілетімен қатар, отбасылық мәселелер, мектептегі стрестік жағдайлар, буллинг, қоғамнан оқшаулану сияқты сыртқы факторлардың әсерімен тығыз байланысты. Ұзақ мерзімді стресс көздері — артық оқу жүктемесі, тұлғааралық қатынастағы қиындықтар және эмоционалдық қолдаудың жеткіліксіздігі — жеткіншектердің психоэмоционалдық жағдайына елеулі теріс әсер етеді. Мақалада Қазақстан мектептеріндегі оқушылардың психологиялық саулығына әсер ететін негізгі факторлар жан-жақты талданған. Атап айтқанда, оқу бағдарламаларының шамадан тыс жүктемесі, отбасылық және әлеуметтік жағдайлар, сондай-ақ құрдастарымен және ата-аналарымен қарым-қатынаста туындайтын қиындықтар қарастырылды. Жеткіншектердің психоэмоционалдық бұзылыстарының дамуына ықпал ететін мектептегі алаңдаушылық, оқшаулану және конфликтілік жағдайлар сияқты факторларға ерекше назар аударылған. Сонымен қатар балалар мен жеткіншектердің психологиялық саулығын бағалау және түзетуге бағытталған теориялық үлгілер мен практикалық тәсілдер ұсынылған. Мектеп психологтарының жұмысы, психологиялық қолдау бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру тәжірибесі қарастырылған. Зерттеудің тәжірибелік бөлігі Семей қаласындағы № 44 мектеп оқушыларының қатысуымен жүргізілген. Зерттеу нәтижелері оқушылардың психоэмоционалдық әлауқатын қамтамасыз ету — олардың білім сапасы мен әлеуметтік бейімделу деңгейін арттырудың маңызды алғышарты екенін көрсетеді. Авторлар мақалада мектеп оқушыларының психологиялық саулығын сақтау мен қолдаудың заманауи тәсілдерін зерделеп, олардың үйлесімді дамуын қамтамасыз етудегі кешенді көзқарастың қажеттілігін ерекше атап өтеді.This publication has 5 references indexed in Scilit:
- ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТТЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ2024
- “School Anxiety” Questionnaire by B. Phillips: Results of Standardization of the Russian-Language Version of the “Phillips School Anxiety Test”Вестник практической психологии образования, 2023
- ИССЛЕДОВАНИЕ УРОВНЯ ПСИХОЛОГИЧЕСКОГО ЗДОРОВЬЯ СУБЪЕКТОВ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО ПРОЦЕССАPedagogy and Psychology, 2023
- Psychological Well-Being During Adolescence: Stability and Association With Romantic RelationshipsFrontiers in Psychology, 2019
- Gender differences in the associations between age trends of social media interaction and well-being among 10-15 year olds in the UKBMC Public Health, 2018