Галофитті өсімдіктердің ауыр металдар және тұздармен ластанған топырақтарды фитотазартудағы рөлі: дүниежүзілік тәжірибе және Қазақстан үшін мүмкіндіктер
Open Access
- 29 December 2025
- journal article
- Published by L. N. Gumilyov Eurasian National University in Journal of Ecology and Sustainability
- Vol. 153 (1) , 106-126
Abstract
Топырақтың тұздануы мен ауыр металдармен ластануы қазіргі кезеңде жер ресурстарының деградациясына алып келетін негізгі экологиялық факторлардың қатарына жатады. Бұл құбылыстар әсіресе құрғақ және жартылай құрғақ аймақтарда кең таралып, ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендеуіне, топырақтың физика-химиялық қасиеттерінің бұзылуына және экожүйелердің тұрақтылығының әлсіреуіне себеп болуда. Аридті климат жағдайында тұздану мен техногендік ластану көбіне бір мезгілде байқалып, топырақтың табиғи өзін-өзі қалпына келтіру процестерін айтарлықтай шектейді. Осыған байланысты экологиялық тұрғыдан қауіпсіз әрі ұзақ мерзімді қалпына келтіру тәсілдерін іздеу өзекті болып отыр. Бұл шолу-зерттеуде тұзданған және ауыр металдармен (Pb, Cd, Zn, Cu) ластанған топырақтарды фитотазартуда галофитті өсімдіктердің рөлі жан-жақты қарастырылды. Әсіресе Salicornia europaea, Suaeda, Atriplex және басқа да галофит түрлерінің тұз иондары мен ауыр металдарды жинақтау қабілеті физиологиялық және молекулалық деңгейде талданды. Дүниежүзілік зерттеулердің нәтижелері Қазақстан аумағындағы деректермен салыстырылып, фиторемедиация тиімділігіне әсер ететін экологиялық және геохимиялық факторлар айқындалды. Зерттеу нәтижелері галофитті өсімдіктердің кешенді ластанған топырақтарда тұздану деңгейін төмендетумен қатар ауыр металдардың биожетімді және жылжымалы формаларын азайта алатынын көрсетті. Қазақстан жағдайында галофиттерді қолдану деградацияланған жерлерді қалпына келтіру, экожүйелік тұрақтылықты арттыру және экологиялық тәуекелдерді басқару тұрғысынан перспективті бағыт болып табылады. Алынған қорытындылар фиторемедиацияны табиғи-бағдарланған және ғылыми негізделген шешім ретінде практикалық қолдануға мүмкіндік береді. Бұл бағытты дамыту жер ресурстарын ұтымды пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрақты агроэкожүйелерді қалыптастыру үшін маңызды.Keywords
This publication has 40 references indexed in Scilit:
- Activity, abundance and community composition of nitrite-dependent methanotrophs in response to fertilization in paddy soilsApplied Soil Ecology, 2021
- Efficient photocatalytic degradation of acrylonitrile by Sulfur-Bismuth co-doped F-TiO2/SiO2 nanopowderChemosphere, 2020
- Performance and microbial community in a single-stage simultaneous carbon oxidation, partial nitritation, denitritation and anammox system treating synthetic coking wastewater under the stress of phenolChemosphere, 2020
- Land use strongly influences soil organic carbon and bacterial community export in runoff in tropical uplands‐Land Degradation & Development, 2019
- Trace metal (Cd, Cu, Pb, Zn) fractionation in urban-industrial soils of Ust-Kamenogorsk (Oskemen), Kazakhstan—implications for the assessment of environmental qualityEnvironmental Monitoring and Assessment, 2018
- Abiotic Stress Signaling and Responses in PlantsCell, 2016
- Comparison of three remote sensing based models to estimate evapotranspiration in an oasis-desert regionAgricultural Water Management, 2016
- Phytoremediation of heavy metals—Concepts and applicationsChemosphere, 2013
- Heavy Metals in Soils2013
- Occurrence and treatment of arsenic in groundwater and soil in northern Mexico and southwestern USAChemosphere, 2011