Abstract
Бұл мақалада 1995-2018 жылдар аралығы Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (ЭЫДҰ) ресми платформасындағы статистикалық деректерді агрегаттау алгоритмін ендіру арқылы Қазақстан Республикасының құрылыс саласы үшін «Ендірілім-Шығарылым» кестесінің деректер қоры әзірленді. Аталмыш зерттеуде платформалық өндіруші/сатушы мен тұтынушы/сатып алушы саудалары, ішкі экожүйелік жалпы қосылған құн мен соңғы сұраныс саудалары, сондай-ақ, сыртқы экожүйелік импорт пен экспорт саудалары үшін орын алып отырған салааралық транзакцияларының теңгерілімін сол жақ критикалық, сол жақ қалыпты, екі жақты бірқалыпты, оң жақ қалыпты, оң жақ критикалық сенімділік интервалдарын құрып және олардың статистикаларына бағалаулар жасалды. Алынған нәтижелердің ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы – бұл экономикалық саясатта шешім қабылдауды қолдау жүйесінің интеллектуалды ақпараттық технологияларын әзірлеу барысында платформалық және экожүйелік агенттері арасындағы сауда транзакцияларының теңгерілімін реттеулері үшін қолданулары мүмкін. Сонымен қатар, «Ендірілім-Шығарылым» және сенімділік интервалдары моделдері мен лингвистикалық айнымалылары комбинациаларының қолдану алгоритмдері мен іс-шаралары да мақаланың тәжірибелік маңыздылығын растайды.