Австралиялық қызыл қысқышты шаянды (Cherax quadricarinatus) өсіруге арналған тұйық сумен қамтамасыз ету жүйесін құру
Open Access
- 30 September 2025
- journal article
- Published by S.Seifullin Kazakh Agro Technical University in HERALD OF SCIENCE OF S.SEIFULLIN KAZAKH AGRO TECHNICAL UNIVERSITY
- No. 3(127),p. 246-256
Abstract
Алғышарттар мен мақсат. Австралиялық қызыл қысқышты шаян (Cherax quadricarinatus) жоғары репродуктивтілігі және бейімділігінің арқасында аквакультурада перспективалы түр болып табылады. Дегенмен, дәстүрлі балық өсіру жүйелері шаян тәрізділердің ерекшеліктерін ескермейді, нәтижесінде бұл оның өсіру тиімділігін төмендетеді. Зерттеудің мақсаты - шаяндарды қарқынды өсіру жағдайларын оңтайландыру, биоөнімділікті арттыру және ресурс шығындарын азайту үшін тұйық сумен қамтамасыз ету қондырғысын әзірлеу. Материалдар мен әдістер. Қондырғы көп деңгейлі полипропиленді науалары бар металл жақтауды (биіктігі 12-20 см, су тереңдігі 6-14 см), реттеу құбырлары бар суды беру және ағызу жүйесін, механикалық барабан сүзгісін, су жинақтаушысы бар «змеевик» түріндегі биологиялық сүзгіні, бактерицидті өңдеуге арналған ультракүлгін шамды және аэраторды қамтиды. Нәтижелер. Шығындарды азайту үшін сумен жабдықтауды реттеу және суды тазарту кезекті түрде жүзеге асырылды. Қондырғы деңгейлерді 3-4-тен 5-6-ға дейін ұлғайту арқылы шабақтарды отырғызу 40-60 дара/м2 тығыздығында биоөнімділікті 25-50% - ға арттырды. Су шығыны 22-67% - ға азайды (180-ден 60-140 л/м2 науаға дейін). Қорытынды. Тұйық сумен қамту жүйесінің модернизациясы және су дайындауды оңтайландыру электр энергиясын тұтынумен қатар, су шығындарын азайттып өнімділікті жақсартты. Науаларды бөлу каннибализмді төмендетіп, судың тұрақты сапасы механикалық, биологиялық және бактерицидтік тазартумен қамтамасыз етілді. Әзірленген тұйық сумен қамтамасыз ету қондырғысы маусымдықты ескерусіз, шаяндардың үнемді және тұрақты өндірісін қамтамасыз етеді. Қондырғы аквакультураның тұрақты дамуына ықпал ететін басқа шаян тәрізділер түрлеріне қолданбалы.Keywords
This publication has 11 references indexed in Scilit:
- Biotechnology of Australian red-claw crayfish (Cherax quadricarinatus) juvenile ongrowing in recirculating aquaculture systemE3S Web of Conferences, 2020
- Commercial land-based farming of European lobster (Homarus gammarus L.) in recirculating aquaculture system (RAS) using a single cage approachAquacultural Engineering, 2013
- Stocking Density for Nursery Production of Redclaw Crayfish,Cherax quadricarinatus,in a Recirculating SystemJournal of Applied Aquaculture, 2012
- Recirculation as a possible microbial control strategy in the production of marine larvaeAquacultural Engineering, 2012
- New developments in recirculating aquaculture systems in Europe: A perspective on environmental sustainabilityAquacultural Engineering, 2010
- Is growth retardation present in Nile tilapia Oreochromis niloticus cultured in low water exchange recirculating aquaculture systems?Aquaculture, 2009
- The impact of water exchange rate on the health and performance of rainbow trout Oncorhynchus mykiss in water recirculation aquaculture systemsAquaculture, 2009
- Aquaculture Engineering2007
- Water quality requirements for reuse systemsAquacultural Engineering, 2006
- Growth of redclaw crayfish (Cherax quadricarinatus) in a three-dimensional compartments system: Does a neighbor matter?Aquaculture, 2006