Тілдерді оқытудың белсенді әдісі ретінде аудиовизуалды материалдарды пайдаланудың тиімділігі
Open Access
- 23 June 2025
- journal article
- Published by al-Farabi Kazakh National University in Eurasian Journal of Philology: Science and Education
- Vol. 198 (2) , 261-269
Abstract
Зерттеудің мақсаты – қазақ тілі сабақтарында студенттердің тыңдалым дағдыларын дамыта отырып, тілдік және сөйлеу құзыреттерін аудиовизуалды материалдардың көмегімен қалыптастыру. Аталған практикалық мақсатты шешу барысында аудиовизуалды оқыту құралдары, оның ішінде фильмдердің дидактикалық материал ретінде практикалық маңыздылығы анықталды; қазақ тілі сабағында студенттердің тілдік және сөйлеу құзыреттерін дамыту үшін тапсырмалар кешені әзірленді. Студенттердің тыңдалым дағдыларын меңгеруі – қазақ тілін үйренудегі маңызды кезеңі. Сөйлеу әрекетінің түрлері, нақтырақ айтқанда, тыңдалым мен жазылым дағдыларын меңгеру деңгейі студенттің тілдік жетілуінің объективті көрсеткіші бола алады. Аудиовизуалды материалдармен жұмыстың мотивациялық-бағдарлы, аналитикалық-синтетикалық және рефлексиялық-бақылау кезеңдерінде ұсынылатын әдістемелік тәсілдер қазақ тілі сабағында естіген/көрген ақпараттарды саналы түрде қабылдауға және дәлме-дәл түсінуге, студенттердің ауызша және жазбаша сөйлеуін дамытуға жағдай жасайды. Фильмнің құрылымдық және мазмұндық ақпаратын аналитикалық-синтетикалық кезеңде талдау және рефлексивті-бақылау кезеңінде орындалатын тапсырмалардың алуан түрлілігі студенттердің қатысымдық тұлға ретінде шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға ықпал етеді. Аудиовизуалды материалмен жұмыс кезінде ұсынылған тапсырмалар студенттің жаңа ақпаратпен танысу, оған шолу жасау, ұсынылған мәселе бойынша сыни ойлау, берілген тақырып бойынша ақпараттық-іздестіру қабілеттерін дамытуға бағытталған. Түйін сөздер: тыңдалым, дағды, аудиовизуалды оқыту құралдары, тілдік құзырет, сөйлеу құзыреті, қатысымдық тәсіл.This publication has 2 references indexed in Scilit:
- Assessing the efficacy of online applications in enhancing classroom teaching: A comprehensive evaluation of execution and effectivenessJournal of Education and e-Learning Research, 2024
- Enhancing students' pedagogical potential with practice-oriented courses in teacher education universitiesJournal of Education and e-Learning Research, 2023