Жылжымайтын мүлік құқығын иеленуге қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері
Authors:
Open Access
- 31 March 2023
- journal article
- research article
- Published by L. N. Gumilyov Eurasian National University in BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University Law Series
- Vol. 142 (1) , 99-112
Abstract
Авторлармен зерттеліп ұсынылған мақалада жылжымайтын мүлік құқығын иеленуге қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері баяндалады. Еңбекте басты назар, меншікті тіркеуге уәкілетті органдардың лауазымдық қызметтеріндегі заңсыздықтарынан туындайтын құқық бұзушылықтарға байланысты проблемалық аспектілерге аударылады. Авторлар қолданыстағы заңнамалардың аталған құқықтарын иелену барысында тұлғаларға қатысты конституциялық құқықтарын шектейтіні туралы қорытынды жасайды. Сондай-ақ, жылжымайтын жүлік иесіне, пайдаланушысына мүлкіне қатысты қойылған және алынған ауыртпалықтар мен заңды талаптар жайлы үш жұмыс күнінің ішінде ескертуді тіркеуші органға міндеттеу; мемлекеттік тіркеуді бас тартқан орган қызметкерлерінің шешімдерін жоғарғы тұрған органға не сотқа шағымдану тәртібі енгізу, сондай-ақ тіркеуден бас тартуға негіз болған кемшіліктер жойылған кезінде құжаттарды мемлекеттік тіркеуге қайта тапсыруға рұқсат беретін мүмкіндіктерді қарастыру; тіркеуші органның жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тарту шешімін жоғары тұрған органға не сотқа шағымдану құқығын көрсету және де мақалада мемлекеттік қызметкердің және адамдардың әлеуметтік несие жүйесін енгізу қажеттігі туралы көзқарастар негізделеді.Қорытындыда жылжымайтын мүлік құқығын иеленуге қатысты отандық құқықтық негізді жетілдіру бойынша ұсынымдар қалыптастырылды.Keywords
This publication has 1 reference indexed in Scilit:
- Өзіне-өзі қол жұмсауға жеткізу қылмысының алдын алу мәселелеріBULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University Law Series, 2022