ХРОМТАУ ӨҢІРІ ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН АГРОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР НЕГІЗІНДЕ БАҒАЛАУ
Open Access
- 30 September 2025
- journal article
- Published by al-Farabi Kazakh National University in Journal of Geography and Environmental Management
- Vol. 78 (3)
Abstract
Бұл мақалада Ақтөбе облысының шығыс бөлігінде орналасқан Хромтау қаласы топырақ жамылғысының таралу ерекшеліктері қарастырылды. Топырақ кескініне морфологиялық сипаттама беріліп топырақтың типі – күңгірт қарақоңыр карбонатты, орташа суглинисті екені анықтылды. Аналитикалық талдау нәтижесі бойынша топырақтың физика химиялық қасиеті зерттелді. Табиғи-климаттық жағдайлардың, әсіресе құрғақ континенттік климат пен кен өндіру ісінің әсері, топырақтың морфологиялық және химиялық құрамына айтарлықтай ықпал ететіні анықталды. Қарақоңыр топырақтың агрохимиялық қасиеттері талданды. Қарақоңыр топырақтағы суда еритін тұздардың мөлшері анықталды және топырақтың тұздану сипаты морфологиялық белгілері бойынша айқын көрінеді сонымен қатар топырақтың төменгі қабаттарында сілтілілік деңгейінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Топырақтың су сүзіндісі құрамында натрий мен сульфат иондарының мөлшері тәжірибелік үлгілерде жоғары болды, бұл топырақтың сортаңдық сипатқа ие екендігін білдіреді. Топырақ кескіндерінің гранулометриялық құрамы анықталып нәтижесінде гранулометриялық құрамының тереңдікке байланысты өзгеретіндігін және агрофизикалық қасиеттеріне әсер ететінін көрсетілді. Механикалық құрамына қарай, бұл топырақтарда орташа суглинисті және суглинисті бөлшектер басым, бұл олардың су өткізгіштігінің төмен екенін және тұздардың төменгі қабаттарда жиналуына ықпал ететінін көрсетеді.Keywords
This publication has 3 references indexed in Scilit:
- Spatial distribution of elements, environmental effects, and economic potential of technogenic waste materials of chromite slag from dumps of don mining and processing plantJournal of Chemical Technology and Metallurgy, 2023
- GEOCHEMICAL MONITORING OF INDUSTRIAL CENTER FOR DEVELOPMENT OF RECREATIONAL AREAS (ON THE EXAMPLE OF KHROMTAU-DON INDUSTRIAL HUB, KAZAKHSTAN)GeoJournal of Tourism and Geosites, 2019
- Evaluation of Soil Contamination Indices in a Mining Area of Jiangxi, ChinaPLOS ONE, 2014