SESh.O. Espenbetova

Sh.O. Espenbetova

*This is an algorithmically generated author record based on publicly available information.

Sh.O. Espenbetova has a total of 11 co-authors. Here are the top co-authors by number of shared publications:


Latest Publications

  • ФИЗИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОРТАНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

    by К. С. Джаксыбаева, Ш. О. Еспенбетова, Г. М. Абызбекова, Л. А. Жусупова, М. Елубай

    Бұл мақалада «Химия-педагогикалық білім беруде физикалық химияны оқытудың электрондық ортасын әзірлеу және оның тиімділігін зерттеу» докторлық диссертация шеңберіндегі физикалық химияны оқытуда электрондық білім беру ортасын пайдаланудың негізгі артықшылықтары қарастырылады. Мақалада оқу процесіне электрондық білім беру ортасын (ЭББО) интеграциялау мүмкіндіктері талданды. ЭББО даму тарихы мен мүмкіншіліктеріне мысал келтірілді. Зерттеудің негізгі мақсаты химия-педагогикалық білім берудегі «Физикалық химия» пәнін электрондық орта арқылы оқытуды зерттеу. Зерттеу аясында «Физикалық химия» пәнін электрондық орта пайдалану арқылы білім берудің моделі көрсетілген, модельді «мазмұндық-мақсатты» блок, «процессуальдық» блок, «критериалды-бағалау» блогына бөле отырып электрондық ортамен оқытудың артықшылықтары көрсетілген. Электрондық оқыту құралдарын сәтті қолдану мысалы сипатталды, яғни «Физикалық химия» пәніне арналған электрондық орта және электрондық ортаның мазмұны, қолдану аясы көрсетілген және оның тиімділігін растайтын зерттеу нәтижелері көрсетілді. ЭББО қолданатын оқытушылар мен білім алушылардың тәжірибесін талдауға, сондай-ақ білім беру контекстінде осы технологияны одан әрі дамыту перспективаларын қарастыруға ерекше назар аударылады. Электрондық білім беру ортасы (ЭББО) физикалық химияны оқыту мен оқу процесін жақсартудың бірегей мүмкіндіктерін ұсынады. Мақала аясында Ресейлік және Қазақстандық ғалымдардың зерттеулері қаралды және білім беру процесінде электрондық орта қолданудың көптеген артықшылықтары анықталды. Кілтті сөздер: электрондық орта, инновациялық білім беру, физикалық химияны оқыту, интерактивті оқу, білім берудегі технологиялар.

  • Open Access

    INORGANIC CHEMISTRY PROBLEM-BASED LEARNING

    by G.T. Balykbaeva, A.S. Tapalova, G.M. Abyzbekova, Sh.O. Espenbetova, K.Sh. Arynova

  • GREEN CHEMISTRY IS THE KEY TO SUSTAINABLE DEVELOPMENT

    by Kyzylorda University named after Korkyt Ata, G.M. Abyzbekova, D.K. Ongar, A.S. Tapalova, S.O. Espenbetova, K.SH. Arynova, G.T. Balykbaeva

    It speaks of the emergence of the Green Chemistry direction, which has become the philosophy of thinking of all chemists, the pace of development in the world, 12 principles and the metric of green chemistry, significance. Directions for the development of green chemistry, its development in the countries of the world and the work carried out in this direction in universities were outlined. New chemical reaction and process schemes developed in many laboratories around the world are designed to radically reduce the environmental impact of large-scale chemical production. Manufacturers of chemical hazards arising from the use of an aggressive environment traditionally try to reduce the connection of workers with these substances, limiting their connection.At the same time, green chemistry offers another strategy - a careful selection of starting materials and technological schemes that exclude the use of harmful substances. Thus, green chemistry is a kind of technology that allows not only to obtain the necessary substance, but also to obtain it at all stages of production by means that are not harmful to the environment. On the development of green chemical education in the countries of the world and the work carried out at the university in this direction. Keywords: sustainable development, green chemistry, E-factor, atomic efficiency, green chemical formation

  • COMPETENCE-BASED APPROACH IN HIGHER PEDAGOGICAL EDUCATION

    by G.M. Abyzbekova, Kyzylorda University named after Korkyt Ata, A.B. Murat, A.S. Tapalova, Sh.O. Espenbetova, K.Sh. Arynova, G.T. Balykbaeva

    Мақалада ҚР білім беру бағдарламаларының білім беру нәтижелерін қалыптастыру мәселесін шешуде университеттер жалпыға міндетті білім беру стандарттарындағы құзіреттіліктер мен сол білім беру бағдарламасы аясындағы пәндер мен модульдердің құзіреттілігі арасындағы сабақтастық пен сәйкестікті ЖОО дербес анықтайтын болды. Бұл әрине мемлекетіміздегі ЖОО Болон процесіне қосылуынан, әлемдік білім берудегі тенденцияларды ескере отырып, өзгерістер жасау қажеттілігіне байланысты болып отыр. Білім сапасын арттыру мәселесіне назар аударуды күшейту қажеттілігі білім берудің қазіргі заманғы үдерісіне тән бірқатар қайшылықтарды, ЖОО химия-педагогикалық кадрларды даярлауға қойылатын кәсіптік білім беру стандарттары негізінде құзіреттілік тәсілмен даярлау мен дәстүрлі пәндік даярлау арасындағы, химия пәні мұғалімдерін даярлаудағы химиялық пәндер бағдарламаларын даярлаудағы пәндік тәсіл мен жоспарланған оқыту нәтижелеріне бағытталған пән бағдарламаларын жасау және соның негізінде оқыту арасындағы қарама-қайшылықтар бар. Ұсынылып отырған зерттеуде осы қайшылықтарды шешу жолдары көрсетілген. Химияпедагогикалық білім берудегі базалық пәндер цикліне жататын «Органикалық химия» пәнін оқытуда жоспарланған оқыту нәтижелеріне бағытталған оқу бағдарламасын жасаудың әдістемелік моделі жасалып, оның тиімділігі анықталған. Химия-педагогикалық білім берудегі жоспарланған оқыту нәтижелеріне бағытталған органикалық химия курсының бағдарламасы мен құзіреттіліктер картасы жасалған жағдайда оқытудың мақсаттары, мазмұны мен оқыту технологияларының біртұтастығы қамтамасыз етіледі. Кілтті сөздер: жоғары оқу орындары, педагогтарды даярлау, оқыту нәтижелері, құзіреттілік тәсілі, құзіреттер картасы, педагог стандарты

  • FLOCCULATION OF SUSPENSIONS BENTONIT CLAY SURFACE –ACTIVE POLYMERS

    by Kyzylorda University named after Korkyt Ata, G.T. Balykbayeva, K.H. Darmagambet, A.S. Tapalova, G.M. Abizbekova, Sh.O. Espenbetova

    Мақалада табиғи сорбенттерді практикада пайдалану олардың жоғары сорбциялық сыйымдылығына, әр түрлі агрегаттық күйдегі заттарды сіңіруіне, таңдамалы сорбциясына, жеткілікті механикалық беріктігіне байланысты екенін ескере отырып, олардың суспензиясын тазалау қарастырылады. Табиғи сорбенттерді пайдаланудың тиімділігіне сорбенттердің арзандығы мен жергілікті материал ретінде оңай табылуы маңызды факторлардың бірі болып саналады. Шығыс Қазақстан облысы Таған кен орнының монтмориллонитті бентониттері, құрамының мономинералдылығымен ерекшеленеді, алмасу кешенінде натрий катиондарының мөлшері кальций мен магний катиондарының құрамынан жоғары, бірақ олардың қосындысынан төмен. Су және топырақты тазалауда Таған бентонитін қолдану арқылы жоғары нәтижелер алуға болады. Суда бентониттер ісінеді немесе ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Сондықтан, бентонитті саз супензиясына беттік белсенді полимерлердің әсері зерттелінді. Суспензияларды тазартуда коагулянттармен бірге флокулянттар қолдану арқылы жоғары нәтижеге қол жеткізіледі. Ең тиімді флокуляциялық агенттер-жоғары молекулалық салмағы бар полиэлектролиттер. Флокулянттарды қолдану коагулянттардың дозасын азайтуға, коагуляция процесінің ұзақтығын азайтуға және пайда болған ұлпалардың тұндыру жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Екі жағдайда да дисперсті жүйенің тұндыру сипаттамаларын жақсартып қана қоймай, қымбат реагенттерді тұтынуды азайтуға болады. Сонымен, алынған мәліметтерді талдау нәтижесіне дисперсті жүйелерді беттік белсенді полимерлермен флокуляциялау кезінде көпір түзілу механизмінің маңызды рөлін көрсетеді.