GSGulmıra Saulembek

Gulmıra Saulembek

*This is an algorithmically generated author record based on publicly available information.

Gulmıra Saulembek has a total of 1 co-authors. Here are the top co-authors by number of shared publications:


Latest Publications

  • ИНТЕРТЕКСТ: ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ МӘҢГІЛІК ДИАЛОГЫ

    by Г.р. Саулембек

    Мақалада интертекстуалдылық құбылысының Батыс және Шығыс әдебиетінде көрініс табуы тарихи және салыстырмалы тұрғыда жан-жақты зерделенеді. Әдеби мәтіндерді талдаудың тиімді әдісі ретінде интертекстуалдылық теориясының мүмкіндіктері сипатталып, оның философиялық бастаулары (мимесис, реминисценция), классикалық және постструктуралистік бағыттағы дамуы сараланады. Интертекст ұғымының дәстүрлі мәдениеттер мен әдебиеттердегі ежелден келе жатқан рөліне ерекше назар аударылады. Әлем әдебиетінің үлгілері, соның ішінде қазақ әдебиетіндегі назирагөйлік дәстүрдің интертекстуалдылық құбылысымен байланысы кеңінен қарастырылады. Мақалада Платон, Аристотель, Кристева, Барт, Риффатер, сондай-ақ М.О. Әуезовтің эпос туралы пайымдарына сүйене отырып, мәтіндер арасындағы тарихи, мәдени байланыстардың сипаты ашылады. Мақаланың негізгі мақсаты – әдеби мәтіндердегі интертекстуалдылықтың рөлі мен ерекшеліктерін анықтап, оның әдебиеттанудағы маңыздылығын бағалау. Зерттеу барысында интертекстуалдық, тарихи-компаративистикалық және мәдениетаралық талдау әдістері қолданылады, бұл интертекстуалдылықтың тарихи және әдеби дамуын салыстырмалы түрде зерттеуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде интертекстуалдылық теориясының әдеби мәтіндерді талдаудағы маңызды әдіс екені анықталады. Әдеби мәтіндердегі интертекст элементтері тарихи және мәдениетаралық байланыстардың көрінісі ретінде ұсынылады. Зерттеу әдебиеттану саласында интертекстуалдылықты терең түсінуге, оның әдеби және мәдени мәнмәтіндегі орнын бағалауға, сондай-ақ әдеби шығармашылыққа жаңа көзқарастар қалыптастыруға үлес қосады. Білім беру мен шығармашылық үдерістерде интертекстуалдылықты қолдану мүмкіндіктеріне идеялық негіз бола алады.


  • НӘЗИПА ҚҰЛЖАНОВА ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ

    by А. Б. Төлеу, Г. Р. Сәулембек

    Мақалада қазақ әдебиетіндегі әйел жазушы жазған тұңғыш прозалық шығарма әдебиеттанудағы гендерлік зерттеулер аясында алғаш рет сараланды. Нәзипа Құлжанованың «Маржан» әңгімесі әйел тақырыбына жазылған басқа авторлардың, атап айтқанда Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» шығармаларындағы кейіпкерлердің мінезіндегі айырмашылықтар, ортақ қасиеттері салыстырмалы талдау арқылы гендердік және феминистік сын тұрғысынан қарастырылады.. Нәзипа Құлжанованың қазақ әйелінің бостандығы мен еркіндігі тақырыбында әңгіме жазуына түрткі болған сол кездегі саяси жағдайлар мен ресми құжаттар да мақалада көрсетілді. Қазақ жазушы әйелдері тарпынан жазылған тұңғыш шығарма – «Маржан» әңгімесіндегі әйелдің жыныстық обьектіге айналуы, отбасылық және репродуктивтік міндеттерінің көрініс табуы гиносын тұрғысынан жаңа бағытта талданды. Кейіпкердің дүниені қабылдауы, иррационалды және эмоцианалды ерекшеліктері теориялық тұрғыда қарастырылды. Кілтті сөздер: феминизм, гиносын, гендерлік зерттеулер, жазушы әйелдер шығармасы, фемининдік сын, әдебиеттанудағы феминистік бағыт, алғашқы проза

  • МИСТИКА ЖАНРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖҮЙЕСІ

    by Gulmıra Saulembek

    Мистика жанрындағы кейіпкерлер жүйесі баяндаудың тереңдігі мен әсерін анықтайтын, жанрдың өзіне тән ерекшелігін айғақтайтын негізгі элемент болып табылады. Өйткені кейіпкерлер арқылы мистикалық баяндауға тән негізгі тақырыптар, мотивтер, символдар ашыла түседі. Зерттеу жұмысының мақсаты – кейіпкерлердің мистикалық әдебиеттегі рөлін, олардың қызметі мен жанрдағы қалыптасу эволюциясын талдауға бағытталған. Зерттеуде мистикалық жанрдағы кейіпкерлердің типологиясының даму кезеңдерін фольклормен және өзге әдеби жанрларман әрекеттесу, мекеншақ, наным, дүниетаным және түрлі мәдениеттер аспектісінде қарастыру міндеттері жүзеге асырылады. Сонымен қатар, мистикалық әдебиеттегі архетиптік бейнелер жүйеленіп, олардың қазіргі мәтіндердегі өзгерістері талданады. Жанрлық ерекшеліктердің қалыптасуына ықпал ететін кейіпкерлер мен сюжеттік құрылымдардың өзара әрекеттесу ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу классикалық әдебиеттану тәсілдері және салыстырмалы-типологиялық, мәдени-тарихи және семиотикалық талдау әдістері негізінде жүзеге асады. Зерттеу нәтижесінде «елес», «пері», «перизат» «албасты», «марту», «құбылған», «қансорғыш» сияқты мистикалық жанрдағы кейіпкерлердің негізгі түрлерінің тек сюжеттік аясындағы ғана емес, сонымен бірге мәдени-тарихи контекст аясындағы типологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Бұл зерттеу кейіпкерлер жүйесін саралау арқылы мистика типологиясын терең түсінуге, жанр теориясының жан-жақты зерделенуіне ықпал етеді. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы әдебиеттегі, атап айтқанда мистикадағы жанрлық құрылымдардың қалыптасу механизмдерін терең түсінуде жатыр. Жұмыстың практикалық маңыздылығы оның тұжырымдарын мистика жанрында жаңа әдеби шығармалар жасауда, сондай-ақ әдебиеттану курсын оқытуда қолдануға болады.

  • Vampirism in mystical prose: based on the story of M.Magauin «Doll»

    by G.R. Saulembek

    The theme of vampirism has existed in world literature since time immemorial. The works that took place in the folklore of the peoples of the world, and their unique characters are also evidence of the antiquity of this theme. And in written literature we find the theme of vampirism in the literary works of the XVIII century. As for the appearance of this topic in Kazakh literature, in Kazakh folklore, as an integral part of world folklore, vampirism was formed through the images of zhalmauyz, mystan kempir. Despite the antiquity of the topic, it can be noted that it took a lot of time to continue this topic in Kazakh prose. The writer M. Magauin was one of the first to speak on this topic in prose. The theme of vampirism in the writer's mystical story "The Doll" is written in continuity with folklore works, and also has a unique character in vampire literature. The topic of vampirism in literature, as well as the story "Doll", which is the object of our research, has also not been investigated within the framework of this topic. Therefore, this study aims to study the nature of vampire literature in prose and the features of the use of literary continuity, genre specificity and mystical elements in the story of M.Magauin "Doll". In the proposed study, it is proposed to conduct a literary analysis of the process of formation, the poetics of vampirism in Kazakh prose based on the story of M.Magauin "Doll", having studied the trends of changing paradigms of vampire literature and their nature. The substantial, structural changes of vampirism in the work are investigated in comparison with world literary practices. In order to fully reveal the nature of vampire literature, a place is given to typological, comparative studies.