НОН.қ. Омаров

Н.қ. Омаров

*This is an algorithmically generated author record based on publicly available information.

Current Organizations / Institutes

The organizations/institutes from the scholar's latest article


Н.қ. Омаров has a total of 15 co-authors. Here are the top co-authors by number of shared publications:


Latest Publications

  • ТҰРЛЫБЕК СҰЛТАНБЕКҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ШЫҒЫСТЫҚ САРЫН МЕН НӘЗИРА ДӘСТҮРІНІҢ КӨРІНІСІ

    by Б.п. Насирдинов, Н.қ. Омаров, Н.с. Халикова

    Мақалада Қазығұрт-Қаратау аймақтық әдеби мектебінің көрнекті өкілі Тұрлыбек Сұлтанбекұлы шығармашылығындағы шығыстық сарын мен нәзира дәстүрінің көркемдік ерекшеліктері талданады. Ақын шығармаларындағы шығыстық сарын мен нәзира дәстүрін игерудегі шеберлігі сараланады. Зерттеу барысында ақынның шығармаларына негіз болған. Тұрлыбек Сұлтанбекұлының «Мұңкүн жетім», «Құлқаныс-Зеберше» және басқа да дастандарындағы нәзирагөйлік дәстүрдің көріністері талданады. Зерттеудің өзектілігі – қазақ әдебиетінде аймақтық әдеби мектептердің шығармашылық мұрасын зерттеу ісі әлі де толық жүйеленбеген мәселе. Тұрлыбек Сұлтанбекұлының поэзиясы осы тұрғыдан алғанда дәстүр сабақтастығының, әсіресе шығыстық поэтикалық үлгілер мен нәзира дәстүрінің қазақ әдебиетінде қалай дамығанын айқындайтын маңызды дерек көзі. Бұл мәселені қарастыру ұлттық әдеби дамудың тарихи заңдылықтарын, мәдени ықпалдастық үдерістерін және поэтикалық жаңашылдықты түсіну үшін өзекті. Ақын мұрасын зерттеудегі тың бағыттардың біріне жол ашып, оның әдеби мұрасын кешенді түрде қарастыруға мүмкіндік береді. Мақаланың мақсаты – Тұрлыбек Сұлтанбекұлы шығармашылығындағы шығыстық сарын мен нәзира дәстүрінің негіздерін анықтау және ақын шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау. Зерттеу барысында Тұрлыбек Сұлтанбекұлының бұрын ғылыми айналымға енбеген архивтік қолжазбалары мен сирек жарық көрген шығармалары қарастырылып, алғаш рет мәтіндік және көркемдік талдауға түсті. Зерттеу нәтижесінде Тұрлыбек Сұлтанбекұлының шығармашылығындағы шығыстық сарын мен нәзира дәстүрінің негіздері айқындалды. Тұрлыбек Сұлтанбекұлының поэзиясы ұлттық поэтикалық жүйенің дәстүрлі арнасын сақтай отырып, оған өзіндік көркемдік жаңалықтар енгізуімен ерекшеленеді. Ақын шығармашылығында қазақ өлеңінің классикалық өлшемдері мен халықтық тілдік өрнектері заманауи мазмұнмен сабақтасып, жаңа поэтикалық сипатқа ие болады. Сонымен қатар, оның туындыларында ұлттық болмыс пен рухани құндылықтар қазіргі қоғамның әлеуметтік-мәдени мәселелерімен ұштасып, қазақ поэзиясының мазмұндық-идеялық өрісін кеңейтуге ықпал етеді.

  • Қазақ және ағылшын топонимдерінің лингвомәдени және когнитивтік ерекшеліктері

    by А.е. Сматова, Б.м. Тілеубердиев, Н.қ. Омаров

    Бұл ғылыми мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі топонимдердің лингвомәдени және когнитивтік ерекшеліктері салыстырмалы-лингвистикалық тұрғыда талданады. Зерттеу нысаны ретінде екі тілдің ұлттық мәдениеті мен танымдық санасында маңызды орын алатын жер-су атаулары алынған. Қазақ және ағылшын топонимдері – белгілі бір тарихи, әлеуметтік, табиғи-географиялық факторлармен тығыз байланысты, сол себепті олардың семантикалық ерекшеліктері әртүрлі мәдени кодтармен айқындалады.Мақалада топонимиялық концепт ұғымы, оның тілдік репрезентациясы және ұлттық мәдениеттегі орны жүйелі түрде талданады. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – топонимиялық концептілерді дүниенің тілдік бейнесіндегі этномәдени мазмұнды бейнелейтін құрылым ретінде қарастыра отырып, қазақ және ағылшын этностарының дүниетанымдық ерекшеліктерін анықтау. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін екі халықтың когнитивтік жүйесіндегі маңызды құрылымдық элемент ретінде топонимиялық кеңістіктегі жер-су атауларына қатысты ақпараттарды жинақтап, жүйелеу және салыстырмалы талдау жүргізу көзделеді. Туыс емес қазақ және ағылшын тілдеріндегі топонимиялық бірліктерді этномәдени деректер негізінде лингвокогнитивтік әдіс арқылы зерттеу арқылы ұлттық санада көрініс табатын мағыналық ерекшеліктерді айқындап, екі этностың ойлау жүйесіндегі ортақ белгілер мен айырмашылықтарды анықтау – зерттеудің ғылыми маңыздылығын айқындайды. Зерттеу жұмысында «ауыл», «атамекен», «дала», «төбе», «су» секілді топонимиялық концептілерді салыстырмалы-танымдық тұрғыда талдау – қазақ және ағылшын халықтарының ұлттық дүниетанымын ашуға мүмкіндік береді әрі зерттеудің ғылыми құндылығын арттырады.Зерттеу нәтижесінде топонимияның тек номинативтік жүйе емес, сонымен бірге ұлттық менталитетті бейнелейтін маңызды когнитивтік-мәдени феномен екені дәлелденеді. Бұл зерттеу екі ұлттың тілдік және мәдени дүниетанымын тереңірек түсінуге септігін тигізеді.

  • Open Access

    Қазығұрт-Қаратау аймақтық әдебиет мектебінің қалыптасуы

    by Б.п. Насирдинов, С.д. Өмірзақов, Н.қ. Омаров

    Мақалада Қазығұрт-Қаратау аймақтық әдебиет мектебінің қалыптасу алғышарттары мен рухани-мәдени негіздері жүйелі түрде талданады. Бұл өңір – қазақ халқының рухани тарихында ерекше орын алатын, діни-ағартушылық, жыраулық және айтыс дәстүрі терең тамыр жайған аймақ. Қазақ халқының сан ғасырлық мәдени мұрасы түрлі саяси оқиғалардың куәсі болғанымен, оңтүстік өңірдің әдеби мұралары жинақталып, жарияланып, зерттеу жұмыстары жүйелене бастағаны байқалады. Мақалада Қазығұрт-Қаратау өңірінен шыққан көрнекті ақындардың шығармашылығы негізінде бұл әдеби мектептің басты көркемдік-идеялық ерекшеліктері сараланады. Мектеп өкілдері ислам діні мен сопылық ілімді поэзиямен ұштастырып, ел бірлігі, адамгершілік, әділеттілік және отарлық үстемдікке қарсылық тақырыптарын жыр арқауына айналдырды. Сонымен қатар зерттеуде әдеби мектептің жанрлық табиғаты, көркемдік тілі мен тақырыптық алуандығы, ұлттық сананы тәрбиелеудегі рөлі ашып көрсетіледі. Қазығұрт пен Қаратау өңірлері ежелден сопылық поэзияның, жыраулық дәстүр мен айтыс өнерінің өркен жайған ортасы болғаны белгілі. Мектеп өкілдерінің дидактикалық өлеңдері, салт-жырлары, айтыстары, қисса-дастандары мен терме-толғаулары - халқымыздың тілдік, рухани және имани құндылықтарының сақталып, ұрпақ санасына сіңірілгенінің дәлелі. Зерттеу нәтижесінде Қазығұрт-Қаратау аймақтық әдебиет мектебінің қалыптасу негіздері жүйеленіп, оның қазақ руханиятындағы өзіндік орны нақтыланады.

  • Evaluation of students’ attitudes towards blended learning

    by Zharkynay Yesmakhanova, Yerepbayev Nurlan, Aktolkyn Boranbayeva, Alimbayev Medeu, Galiya Rysbayeva, Nurlybek Omarov

    Educational environments created by combining traditional learning environments and technology have grown, especially in recent years and have become an indispensable part of education. Therefore, with this research we aimed to evaluate students’ attitudes towards blended learning. To gather university students’ opinions on the effectiveness of blended learning, a descriptive survey method was used. Two hundred and eighty-seven students enrolled for information technologies courses in the spring semester of the 2022–2023 academic year in the computer engineering department at various universities in Kazakhstan participated in the research. Research data were collected using the blended learning attitude scale developed by the researchers. This scale was used to gain information from students participating in the research. The scale was used twice, with an interval of 5 weeks, before and after the information technologies course was presented in the blended learning environment. University students’ attitudes towards blended learning were partially positive before the presentation of information technology education in the blended learning environment, and after the presentation a positive increase was observed. The attitudes of students with experience in the blended learning environment were found to be higher than those of students without experience.


  • Open Access

    Formation of students’ communicative competence through game technology

    by Atymanova Kargash, Yespolova Gulden, Baibekov Yerubay, Berdaliyeva Akmara, Nurlybek Omarov, Zhilisbayev Nagashbek

    The aim of this study is to determine the creation of communicative competencies of students with game technology. The research was conducted in the fall semester of 2021–2022; the research consists of 327 volunteer students studying at universities in Kazakhstan and continuing their education. According to the sub-objectives of the research, the use of gamification technologies by university students during the day, the time spent by university students using the Internet and the situations were focused on. In the scope of the study, descriptive statistical methods were used for the development of students' communicative competencies with the gamification technology of university students. The research is a quantitative research method and is designed according to the analysis of students' views on the formation of communicative competencies on gamification technologies. According to the results of the research, it has been concluded that communicative skills increase with game technology. In addition, according to the results of the research, it was concluded that university students use the time zone on the Internet on the spot. Keywords: University students, gamification, communicative competence;