MYM.B. Yessembay

M.B. Yessembay

*This is an algorithmically generated author record based on publicly available information.

M.B. Yessembay has a total of 8 co-authors. Here are the top co-authors by number of shared publications:


Latest Publications

  • EFFICIENCY OF SPRINKLER USE ON IRRIGATED FIELDS IN THE SOUTHERN REGION OF KAZAKHSTAN

    by M.B. Essembay, A.T. Tleukulov, G.T. Daldabayeva, K. Zhanymkhan, E.K. Auelbek

    Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының егіс алқаптарына ауыл шаруашылығы дақылдарын суарудағы су үнемдеу технологияларын пайдалануды енгізу арқылы су тұтынуды төмендету мәселелері қарастырылған. Су ресурстарының тапшылығы еліміздегі экономиканың тұрақты дамуына кедергі келтіруде, сондықтан суды тұтынатын барлық салаларда суды үнемдеу технологияларына көшу қажеттігі туындап отыр. Республиканың оңтүстік өңірлерінде суармалы егіншілікті одан әрі дамыту, су үнемдеу технологияларын енгізу негізінде ғана мүмкін болады. Осындай келешегі бар технологиялардың бірі - жаңбырлатып суару болып табылады. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы жерлердің көпшілігіне жаңбырлатып суару қолданылған аумақтардың топырақ-мелиоративтік және гидрогеологиялық жағдайлары тән. Топырақ өнімділігі бойынша 24-тен 42-ге дейінгі сапалық баллмен жақсы деп жіктеледі. Тау етегіндегі аймақтардағы жер асты сулары 3 м-ден астам тереңдікте жатыр және ол өсімдіктерді сумен суаруға жарамайды. Қазір Әлемдік жылынуға байланысты, бүкіл вегетациялық кезеңде, ауаның орташа айлық температурасы көпжылғыдан жоғары болады, нәтижесінде жылумен қамтамасыз ету және тиімді температуралардың қосындысы жоғары болады. Бұл суармалы егістіктердің бетінен буланудың жоғарылауына тікелей әсерін тигізеді, яғни ол ауылшаруашылығы дақылдардың суару мен су тұтыну нормаларының ұлғаюына алып келеді.