AMA.P. Musirep

A.P. Musirep

*This is an algorithmically generated author record based on publicly available information.

Current Organizations / Institutes

The organizations/institutes from the scholar's latest article


A.P. Musirep has a total of 29 co-authors. Here are the top co-authors by number of shared publications:


Latest Publications

  • Open Access

    ҚАЗАҚСТАНДЫҚ-АРАЛ ӨҢІРІНІҢ ӘР ТҮРЛІ АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА ТАЗА ЖӘНЕ ТӨГІНДІ СУЛАРМЕН ҚАНТ ҚҰМАЙЫ ДАҚЫЛЫН СУАРУДЫҢ ТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ

    by Өркен Баймаханов, Серікбай Өмірзақов, Қанағат Бегалиев, Жанұзақ Байманов, Кайрат Акылбаев, Абзал Шегенбаев, Азамат Мүсіреп, Оркен Баймаханов, Серикбай Умирзаков, Канагат Бегалиев, et al.

    Аталмыш мақалада Қазақстандық-Арал өңірінің күрт құбылмалы ауа-райы, су тапшылығы және қалыптасқан күрделі агроэкологиялық жағдайларында қант құмайы дақылын таза және төгінді сулармен суаруда жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары айтылады. Созылмалы су тапшылығы өте өзекті жаһандық теріс үдеріске айналды. Әсіресе Қызылорда облысы секілді құрғақ және жартылай құрғақ, шөл-шөлейт аймақтарда суды аз тұтынатын техникалық дақылдардың үлес салмағын арттыру мен суару тәсілдерін жетілдіру аса маңызды болуда. Жалпы әлемде су ресурстарына деген болжамды зерттеулерге сәйкес трансшекаралық өзендердің ағыны 2030 жылға қарай 40%-ға қысқаруы мүмкін. Су қорларына деген әр түрлі бағыттардағы жүктемелердің өсуі және судың тұрақты қорларының азаюы нәтижесінде 2030 жылға қарай 14 млрд.м3 мөлшерде су тапшылығы күтілсе, 2050 жылға қарай су тапшылығы 20 млрд.м3 (су ресурстарына қажеттіліктің 70%-ын) дейін ұлғаятындығы болжануда. Ал, әлем назарындағы Қазақстандық-Арал өңіріндесу тапшылығы өткір қалпында екенін көп жылғы зерттеулер нақтылай түсуде. Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мәліметі бойынша Шардара су қоймасы арқылы 2017 жылы 23939 млн.м3 су түсіп төменгі ағысқа жіберілсе, 2023 жылы 13453 млн.м3 су түсіп өмір тіршілігі нәрінің көлемі шамамен 44,8 %-ға азайғаны байқалды. Бұл жаһандық жылынудың әсері. Біздің зерттеуіміздің ғылыми және практикалық құндылығы жоғары себебі, көптеген ғалымдардың және болжамды зерттеулердің, құзырлы мекемелердің пайымдауынша Қазақстандық-Арал өңіріндегі су тапшылығы жағдайы жылма-жыл артатыны айтылуда. Су ресурстарын ауылшаруашылығына барынша тиімді пайдалану мақсатында соңғы жылдары жер асты суларын, коллектор-дренаж суларын, соңғы кезеңдерде төгінді лас суларды да ауылшаруашылығы дақылдарын суғаруға пайдаланудың тиімді технологиялары зерттелуде. Шетелдік және отандық зерттеушілердің ғылыми әдебиеттеріне шолу жасасақ су тапшылығы жағдайында техникалық дақылдардан орнықты өнім алу үшін төгінді суларды пайдалану ең тиімді тәсіл болып саналатындығы көрсетілген. Суармалы егіншілік жүйесі 100%-ыз қалыптасқан ірі күріш плантациясы Қызылорда облысы үшін суды аз тұтынатын, экономикалық тұрғыдан басқа дақылдардан кем түспейтін, тұзданған тұзды топырақтарда өсіп берік шем-шөп қорын қалыптастыратын қант құмайы секілді техникалық дақылдардың үлес салмағын күріш ауыспалы егістік жүйесіндегі көлемін арттыру жәнеэкологиялық, экономикалық және ең бастысы дақылды суарудағы тиімді технологияны негіздеу мен зерттеу аса маңызды.


  • Open Access

    Effects of nitrogen application on potato (Solanum tuberosum L.) yield and soil nitrate dynamics in a sandy loam soil

    by Rakhmetulla Zhapparbergenov, Naziya Suleimenova, Elmira Yeleuova, Aizhan Akmullayeva, Gulzhan Kussainova, Liza Zhussupova, Azamat Mussirep, Bakhytzhan Shayanbekova

    Nitrogen (N) is a crucial nutrient for potato (Solanum tuberosum L.) production, but excessive application can lead to environmental degradation and reduced nitrogen use efficiency (NUE). This study evaluated the effects of different nitrogen application rates (0, 60, 120, 150, 180, 210, and 240 kg N/ha) on tuber yield, nitrogen uptake, and soil nitrate accumulation over two growing seasons. The results showed that the highest tuber yield (20.8 t/ha) was obtained at 150 kg N/ha, beyond which further increases in nitrogen application did not result in significant yield improvements (P


  • THE INFLUENCE OF GROUNDWATER ON THE SOIL REGIME OF THE KAZALINSKY IRRIGATION AREA

    by A.P. Musirep, O.S. Baimakhanov, K.I. Akylbaev, R.K. Shegenbayeva

    Қызылорда облысында күріш егу көлемі ұлғайып Арал Сырдария өзені арқылы құйылатын су мөлшері азайып теңіздің тартыла бастауы 1960-1970 жылдары белең алған. Арал теңізінің суы апаттық жағдайға дейін тартылып, теңіздің кіші Арал болып екіге бөлінуі салдарынан теңіз түбіндегі тұзды шөгінділер ауаға тарап, аймақтағы егістік жерлердің беткі құнарлы қабатын сорландырып ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымы мен өнімділігіне кері әсерін тигізе бастады. Жаз айларында ауа райының 40 градустан жоғары ыстық және ауаның құрғақтылығына байланысты жер астылық ыза сулардың жер бетіне жақын орналасқан жерлерде топырақтың жоғарға құнарлы қабатының тұзданып сорлану процессі жүре бастады. Күріш дақылы көптеп егілуіне байланысты 1970 жылдардан бастап аймақта егістік жерлерді инженерлік жүйеге келтіру жұмыстары басталды. Инженерлік жүйеге келтірілген жерлерде жобалық негізде жер астылық ыза сулардың деңгейін бақылауға және тұздылығын анықтауға үлгі алу үшін бақылау құбырлары орнатылды. Арал теңізінің экологиялық апат аймағына жақын орналасқандықтан ауданның суармалы жерлері ауыл шаруашылық дақылдарынан жақсы өнім алу үшін ерекше күтімді қажет етеді. Егістік жерлерді күтіп – баптау агротехникалық талаптарға сай жүргізілуі тиіс. Соңғы жылдары Сырдария өзеніне судың аз мөлшерде түсуіне байланысты күріш дақылына судың жетіспеушілігі байқалуда. Соның салдарынан күріш дақылын аз мөлшерде егіп, оның суды аз қажет ететін дақылдар егуге талпыныс жасалуда.


  • IRRIGATION REGIME OF RICE IN THE CONDITIONS OF THE KYZYLORDA REGION

    by P.U. Bulanbayeva, K.B. Begaliev, B.T. Kenzhalieva, A.P. Musirep, A. Aybekkyzy

    Бұл зерттеулер Қарауылтөбе күріш ауыспалы егістігі тәжірибелік учаскесінде жүргізілді. Зерттеулердің негізгі мақсаты – күріштің өсуі мен дамуын оңтайландыру үшін топырақ пен судың қолайлы тұз және жылу режимдерін сақтауға мүмкіндік беретін тиімді суару әдісін анықтау болып табылады. Күріш дақылының тиімді суару режимін анықтау маңызды мәселе болып табылады, әсіресе су ресурстары шектеулі Қарауылтөбе аймағы сияқты жерлерде. Бұл мақалада Қызылорда облысы жағдайында күріш дақылының суару режиміне арналған инновациялық технологияларды зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу нәтижелері күріш дақылын өсіруде суды 20%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретінін, сондай-ақ өнімділікті 1,5 есеге арттыратынын көрсетті. Алынған нәтижелердің экологиялық және экономикалық тиімділігі талқыланып, оларды ауыл шаруашылығы тәжірибесіне енгізу бойынша ұсыныстар берілді. Күріш атыздарын суару режимін оңтайландыру үшін үш түрлі нұсқа зерттелді. Суару жүйелерінің тиімділігі көбінесе жердің мелиоративтік жағдайына байланысты, ал бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы дақылдарының суару режиміне тәуелді. Осыған орай, күріш суару жүйелерінің дұрыс және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үлкен маңызға ие. Соңғы жылдары Қызылорда облысында ғана емес, барлық елде су тапшылығының әсері айқын сезілуде. Сондай-ақ, суару жүйелерінің пайдалы әсер коэффициентінің төмендеуі де егін шаруашылығына кері әсерін тигізуде. Бұл жағдай су шығынының көбеюіне, топырақтың сортаңдануына және дақыл өнімділігінің төмендеуіне әкелді. Осыған байланысты күріш дақылына арналған тиімді суару режимін анықтау қажеттілігі арта түсуде.

  • HYDROGEOLOGICAL CONDITIONS OF IRRIGATED LANDS OF KYZYLORDA REGION

    by S.I. Umirzakov, S.M. Umbetova, O.S. Baimakhanov, Kyzylorda Rsu Kyzylorda Hydrogeological And Reclamation Expedition, K.A. Omarov, B.T. Kinzhalieva, A.P. Musirep, K. Budikova

    Мақалада Қызылорда облысы суармалы массивтерінің гидрогеологиялық-мелиоративтік жағдайлары оларға әсер етуші факторлар, экологиялық, экономикалық салдарлары талданып, жақсартудың ғылыми-практикалық негіздемелері зерттеліп, ұсыныстар жасалынады. Қазіргі таңда жаһандық климаттың өзгеруі, су ресурстарының тапшылығы әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстік өңірінде, әсіресе, әлем назарындағы Арал аймағында айрықша сезілуде. Су ресурстарын тиімді пайдалану, суармалы егіншілікті қалыптасқан жағдайға бейімдеу және облыстың суармалы жерлерінің гидрогеологиялық-мелиоративтік жағдайларына үздіксіз мониторинг жасап, нәтижелерін талдау және қажетті шешімдер қабылдай отырып, жақсарту бағытында ұсыныстар жасау маңызды. Соңғы жылдары су шаруашылығы бағытында елімізде кешенді бағдарламалар қабылданып, жүзеге асуда. Дегенмен, көп жағдайда ғылыми-практикалық мәліметтердің терең талданбауына немесе толық еместігіне байланысты олардың нәтижелері ойдағыдай болмауды. Сондықтан, бұл мақалада суармалы егіншіліктегі гидрогеологиялық-мелиоративтік жағдайларды Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясының мәліметтерін зерттей отырып, нақты талдаулар жасау арқылы ғылыми-практикалық тұжырымдамалар жасалды. Суармалы жерлердің гидрогеологиялық-мелиоративтік жағдайларының қалыптасуы жер асты суларының деңгейіне (ЖСД), олардың минерализациясына, топырақ құрамына, сонымен қатар ирригация, коллекторлы-дрендік жүйелердің жұмыс істеуі, суару суының сапасы, климаттық факторлар, агротехнологиялық шаралардың дұрыс жүруіне тікелей байланысты. Бүгінгі күні Қызылорда облысының суармалы массивтерінің жағдайлары төмендегідей бағаланады: Жаңақорған-Шиелі массиві – салыстырмалы түрде жақсы; Қызылорда оң жаға және сол жаға массивтері – орташа; Қазалы сол жаға және оң жаға массивтері – ауыр. Әрине, мұндай бағалаулар массивтер аймағында әртүрлі болатындығы белгілі. Сондықтан, массивтердің жағдайын бағалау және жақсарту бағытындағы шаралар аса маңызды болып табылады.