ЕӘЕрмек Әуелбек

Ермек Әуелбек

*This is an algorithmically generated author record based on publicly available information.

Current Organizations / Institutes

The organizations/institutes from the scholar's latest article


Ермек Әуелбек has a total of 11 co-authors. Here are the top co-authors by number of shared publications:


Latest Publications

  • Open Access

    Experimental and theoretical investigation of a double-chamber pneumatic pump for shaft well rehabilitation

    by Yermek Auyelbek, Yerbol Sarkynov, Bauyrzhan Zulpykharov, Darkhan Ordatayev, Zhanar Zhakupova

  • Open Access

    ЖЫЛЖЫМАЛЫ ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ҚОНДЫРҒЫСЫН СЫНАУҒА АРНАЛҒАН СТЕНДТІК ШАХТАЛЫ ҚҰДЫҚ

    by Дархан Ордатаев, Ермек Әуелбек, Ербол Саркынов, Құрманбек Жанымхан, Олег Мешик

    Мақалада жылжымалы шахта құдықтарын тазарту және дезинфекциялау қондырғысына зауыттық сынақтар жүргізуге арналған стендтік шахта құдығын қазу және жасау қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі лайлануға және микробиологиялық ластануға бейім орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерін пайдалану және тазалау тиімділігін арттыру қажеттілігімен байланысты. Жұмыстың мақсаты шахта құдықтарын пайдаланудың нақты жағдайларын жаңғыртуға, қондырғының функционалдық және ресурстық сипаттамаларын кешенді тексеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сынақ стендін құру болып табылады. Жұмыс орны: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылы. Жобада тереңдігі 30 м–ге дейін және диаметрі 1,0-1,2 м-ге дейін реттелетін стендтік шахта құдығын құру көзделген, құрылым құрама темірбетон сақиналар немесе ішкі қаптамасы бар монолитті құрылым түрінде жүзеге асырылады. Зерттеу әдістері ретінде инженерлік жобалау, гидрогеологиялық жағдайларды модельдеу және эксперименттік сынақтар қолданылды. Стендтік құдықтың конструкциясы геометрияны, тереңдікті, түбіндегі шөгінділердің болуын және су ағынын қоса алғанда, негізгі пайдалану параметрлерін модельдеуді көздейді. Бұл өз кезегінде қондырғының әртүрлі жұмыс режимдерінде тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Жұмыста стендтің құрылымдық ерекшеліктері, сынақтарды жүргізу әдістемесі және қондырғының негізгі тораптарының тиімділігін бағалау критерийлері сипатталған. Әзірленген стендте сынақтар жүргізу жабдықтың құрылымдық кемшіліктерін анықтауға, жұмыс режимдерін оңтайландыруға және тұтастай алғанда жүйенің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Күтілетін нәтижелерге бірнеше сынақтар үшін эксперименттік база құру, далалық зерттеулерге шығындарды азайту және технологияны сумен жабдықтау тәжірибесіне енгізуді жеделдету кіреді. Ұсынылған тәсіл шахта құдықтарын тазарту мен дезинфекциялау сапасын арттыруды, су көздерінің санитарлық жағдайын, ауылдық және шалғай аудандардағы сумен жабдықтау сенімділігін жақсартуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері осы бағыттағы технологияларды одан әрі жетілдіруге ғылыми негіз бола алады.

  • Open Access

    ШАХТАЛЫ ҚҰДЫҚТАРЫН ТАЗАРТУҒА ЖӘНЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУҒА АРНАЛҒАН ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚОНДЫРҒЫ: КОНСТРУКТОРЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫ ӘЗІРЛЕУ

    by Ермек Әуелбек, Дархан Ордатаев, Ербол Саркынов, Жанар Жакупова

    Мақалада шахта ұңғымаларын тазарту және дезинфекциялау үшін жылжымалы қондырғыны жобалау міндеттерінің бірі қарастырылады – жер асты шөгінділері мен бөгде заттарды жоюдың прогрессивті гидравликалық және грейферлік әдістерін қолдана отырып, барлық технологиялық процестерді орындайтын жоғары өтімді автомобиль негізінде жылжымалы қондырғының эксперименттік үлгісінің жаңа, тиімді түрін жасауға арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу. Авторлар шахталық құдықтарды тазалау және дезинфекциялау, су көтергіш ОДШК-30 қондырғысына қызмет көрсету бойынша жылжымалы қондырғының тәжірибелік үлгісінің схемалық сызбасын және шахталы құдықтарды топырақ шөгінділерінен және бөгде заттардан тазарту, су көзінің профилактикасы (зарарсыздандыру) кезінде технологиялық операцияларды орындайтын негізгі қондырғылардың схемалық сызбасын дайындады. Мақала ғылым дамуының басым бағыты: агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту бойынша гранттық қаржыландыруға арналған жоба шеңберінде дайындалған. Шахта құдықтарын тазарту және дезинфекциялау және су көтергіш жабдыққа техникалық қызмет көрсету үшін жылжымалы қондырғының эксперименттік үлгісіне конструкторлық құжаттаманы әзірлеу кезеңдері мен қойылған міндеттерге сәйкес келеді. Шахталық құдықтарды тазарту және дезинфекциялау үшін жылжымалы қондырғының конструкторлық құжаттамасын дайындауды және қабылдауды бақылау және су көтергіш жабдыққа техникалық қызмет көрсету ОДШК-30 орындалған жұмыстар актісі бойынша жүргізілді.


  • Open Access

    ЕЖЕЛГІ ИРРИГАЦИЯ ТАРИХЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ: АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОБАЛАРМЕН КІРІКТІРЕ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ

    by Жанар Смаханова, Ермек Әуелбек

    Аңдатпа. Ежелгі ирригациялық, яғни жерді қолдан суландыру жүйелері адамзат өркениетінің дамуында шешуші рөл атқарғанын тарихтан білеміз. Шаруашылыққа қажет суару арналары мен тоғандарды жасау арқылы ежелгі заманда адамдар шөлейт және құрғақ далалық аймақтарды егіншілікке жарамды ете алды. Қазақстанның оңтүстік аймағы, яғни Жетісу, Сырдария алабы (қазіргі Алматы, Түркістан өңірлері) осындай ирригациялық мәдениеттің ошағы болған. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде бұл аймақтағы көне қалалар мен қоныстардың маңынан көптеген суландыру жүйелерінің іздері табылды. Мысалы, Отырар, Сығанақ секілді ортағасырлық қалалардың маңында ежелгі каналдар мен су қоймаларының орындары анықталған. Бұл деректер ежелгі заманда оңтүстік өңірде егіншіліктің кең дамып, суару технологиялары қолданылғанын көрсетеді. Бүгінгі күні ежелгі ирригация тарихын оқыту тек өткенді тану ғана емес, оны қазіргі техникалық біліммен ұштастыру тұрғысынан да маңызды. Археологиялық деректерді инженерлік және жаратылыстану ғылымдарындағы жобалармен кіріктіре оқыту – білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тарихи мәліметтерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай пәнаралық тәсіл арқылы студенттер ежелгі инженерлік ойдың жетістіктерімен танысып қана қоймай, оларды заманауи техника және жобалау дағдыларымен салыстыра отырып меңгереді. Бұл мақалада Қазақстанның оңтүстігіндегі ежелгі ирригациялық жүйелердің археологиялық негіздері, олардың тарихи-әлеуметтік маңызы, сондай-ақ оларды техникалық жобалармен кіріктіре оқытудың әдістемелік тәсілдері мен білім берудегі артықшылықтары талқыланады.

  • EFFICIENCY OF SPRINKLER USE ON IRRIGATED FIELDS IN THE SOUTHERN REGION OF KAZAKHSTAN

    by M.B. Essembay, A.T. Tleukulov, G.T. Daldabayeva, K. Zhanymkhan, E.K. Auelbek

    Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының егіс алқаптарына ауыл шаруашылығы дақылдарын суарудағы су үнемдеу технологияларын пайдалануды енгізу арқылы су тұтынуды төмендету мәселелері қарастырылған. Су ресурстарының тапшылығы еліміздегі экономиканың тұрақты дамуына кедергі келтіруде, сондықтан суды тұтынатын барлық салаларда суды үнемдеу технологияларына көшу қажеттігі туындап отыр. Республиканың оңтүстік өңірлерінде суармалы егіншілікті одан әрі дамыту, су үнемдеу технологияларын енгізу негізінде ғана мүмкін болады. Осындай келешегі бар технологиялардың бірі - жаңбырлатып суару болып табылады. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы жерлердің көпшілігіне жаңбырлатып суару қолданылған аумақтардың топырақ-мелиоративтік және гидрогеологиялық жағдайлары тән. Топырақ өнімділігі бойынша 24-тен 42-ге дейінгі сапалық баллмен жақсы деп жіктеледі. Тау етегіндегі аймақтардағы жер асты сулары 3 м-ден астам тереңдікте жатыр және ол өсімдіктерді сумен суаруға жарамайды. Қазір Әлемдік жылынуға байланысты, бүкіл вегетациялық кезеңде, ауаның орташа айлық температурасы көпжылғыдан жоғары болады, нәтижесінде жылумен қамтамасыз ету және тиімді температуралардың қосындысы жоғары болады. Бұл суармалы егістіктердің бетінен буланудың жоғарылауына тікелей әсерін тигізеді, яғни ол ауылшаруашылығы дақылдардың суару мен су тұтыну нормаларының ұлғаюына алып келеді.