ГМГ. Ә. Мұсаева

Г. Ә. Мұсаева

*This is an algorithmically generated author record based on publicly available information.

Г. Ә. Мұсаева has a total of 5 co-authors. Here are the top co-authors by number of shared publications:


Latest Publications

  • Open Access

    Religious Semantics and Mythologeme-Based Worldviews in Kazakh and English Traditions: A Systematic Contrastive Review

    by Zere Doszhan, Gulbagiza Mussayeva, Gaukhar Yersultanova, Gulbakhram Kulnazarova

    The purpose of the present study is to reveal the role of mythologemes in the formation of linguistic worldviews by examining the religious semantic transformations of mythological origin in Kazakh and English traditions within a comparative and systematic framework. It is designed as a systematic literature review structured within the qualitative research tradition. In this context, studies published between 2000 and 2024 in English and with full-text access in the Web of Science and Scopus databases were reviewed. A total of 44 publications were included in the final sample considering predetermined inclusion and exclusion criteria. A four-stage process was followed: review, evaluation, synthesis, and analysis. Content analysis techniques were used to classify conceptual elements into themes and sub-themes. The findings showed that mythological and pagan concepts in both Kazakh and English have not completely disappeared through monotheistic religions, but rather have been reinterpreted within new religious frameworks, continuing their existence in the deep semantic structure of the language. In particular, the concepts of God, fate, the sacred, and nature were found to exhibit mythological continuity in both languages. In conclusion, the language is found to be the carrier of cultural and mythological memory. It is recommended that mythological and religious semantic dimensions taken into consideration, especially in language teaching and curriculum development processes.


  • Open Access

    Қарым-қатынастағы бейвербалды амалдар: амандасу рәсімінің түрлері

    by М.п. Ешимов, С.р. Нұртілеуова, Г.ә. Мұсаева

    Мақалада қарым-қатынаста қолданылатын бейвербалды амалдардың қатары мен контекстегі, коммуникациядағы мағынасы айқындалады. Коммуникациядағы белгілі бір амалдар жасалу жағынан ұқсас болмағанымен, семантикасы тұрғысынан бір мағынада қолданылады. Сонымен бірге қарым-қатынаста қолданылатын бейвербалды амалдардың қатары мен мәнмәтіндегі, коммуникациядағы мағынасы айқындалады. Қарым-қатынастағы бейвербалды амалдар әртүрлі дене мүшесі арқылы жасалынып, белгілі бір мағына береді. Мысалы, басын изеу, қол алысу, қолын қысу, төс қағыстыру, қолын көтеру, сүйсіп көрісу, қолын бұлғау т.б. бейвербалды амалдар – амандасу мағынасын білдіреді. Қарым-қатынаста осы сынды ым-ишаралар күнделікті тұрмыста көп қолданылады. Әрине, адам баласы қарым-қатынасқа түскенде ым-ишараны қолданбай қатынас жасай алмайды. Себебі, бейвербалды амалдар айтайын деген ойын, сөзін нақтылап, оған қосымша мағына үстеп, ойды дәл әрі нақты жеткізуге септігін тигізеді. Авторлар коммуникацияда амандасу рәсіміндегі ым-ишараттардың жасалу жағынан ұқсас болмағанымен, семантикасы тұрғысынан бір мағынада қолданылатын ым-ишаралар әртүрлі бейвербалды амалдар арқылы берілетіндігі туралы, соның ішінде қол, бас және т.б. қимылдарымен берілетін ым-ишаралардың болатындығы туралы және де олардың барлық халықта бірдей мағынада қолданылатындығы, сонымен қоса кейбір халықта ғана қолданылатын, яғни амандасу рәсімінде де ұлттық ым-ишараттың кездесетіндігі туралы да сөз етеді. Қарым-қатынаста амандасу рәсімінде қолданылатын бейвербалды амалдарды көркем шығармалардан алынған нақты мысалдар арқылы талдаған.

  • ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРТУДЕГІ ШАҚ ФОРМАЛАРЫ

    by Г. Ә. Мұсаева, М. П. Ешимов, С. Р. Нұртілеуова

    Мақалада қазақ тілін шет тілі ретінде меңгертуде қазақ тіліндегі етістіктің шақ формаларын ұсынудың әдістемелік ұстанымдары мен оны үйретудің алгоритмі туралы сөз болады. Кез келген тілді үйретудің мақсаты – тіл меңгерушінің коммуникативтік құзыреттін қалыптастыру. Қазақ тілінің жалғамалы табиғаты тілдік материалды беруде жүйелілікті талап етеді. Тіл меңгертудің алғашқы деңгейінде коммуникативтік әдіс басшылыққа алынса, жоғары деңгейлерде берілетін материалдың түрлі мағыналық реңктерді білдіретін грамматикалық, структуралық ерекшеліктері тілдің құрылымдық-мағыналық жағына баса назар аударуды қажет етеді. Қазақ тілінің шақ категориясының тілдегі көрінісі де осындай күрделі тілдік материалдардың біріне жатады. Осыған орай, бұл жұмыста қазақ тіл біліміндегі шақ, рай категориясы туралы зерттеулерге шолу жасалады да, ХХ ғасырдағы қазақ тіл білімінде жасалған зерттеулерде етістіктің шақ және рай категорияларының формасы мен мазмұнындағы сараланған ерекшеліктер тілді меңгертуде үлкен көмекші құрал бола алатынын айтады. Автор аталған зерттеулерге сүйене отырып, қазақ тіліндегі шақ, рай категорияларын тілді өзге тілді аудиторияда меңгерту барысында қолайлы әрі тиімді болатындай жүйе жасап, оның кестесін ұсынады. Сонымен қатар мақалада қазақ тілі білімі ғалымдары атап көрсеткендей, шақ формаларының арасындағы айырмашылық әртүрлі мезгілдік мағына білдіруінде ғана емес, әрқайсысына тән өзіндік семантикасына байланысты екенін ескере отырып, тіл меңгерушінің тілдік қарым-қатынас жасап үйрену мақсатына сай, көп жылдық тіл үйрету тәжірибесіне негізделген, етістік шақтарының формасы мен мазмұны сараланған қазақ тіліндегі шақ, рай категорияларын ұсынудың алгоритмі көрсетіледі. Кілтті сөздер: қазақ тілін меңгеру, етістіктің шақ, рай категориясы, тіл үйрету, темпоралдылық, алгоритм.