AIA. M. Ispandiyarova

A. M. Ispandiyarova

*This is an algorithmically generated author record based on publicly available information.

A. M. Ispandiyarova has a total of 12 co-authors. Here are the top co-authors by number of shared publications:


Latest Publications

  • ANALYSIS OF THE INFLUENCE OF GAMIFIED AND DIGITAL FITNESS TECHNOLOGY ON THE ACTIVITY OF STUDENTS

    by A.M. Ispandiyarova, K. K. Bazarbayeva, N.V. Kolesnikova, A.B. Meirman

    Бұл мақала орта мектепте дене шынықтыру сабағын заманауи педагогикалық әдіспен өту артықшылығын анықтауға бағытталған. Және геймификация мен заманауи цифрлық фитнес-технологиялардың айырмашылықтарын анықтап, оларды салыстыруды, осы инновациялық тәсілдердің дәстүрлі оқыту тәсілімен салыстыруды мақсат етеді. Ұсынылған зерттеу жұмысы жалпы орта білім беретін мектептегі 9-сынып оқушыларына жүргізілді. Зерттеу барысында геймификация ресурстары қолданылған экспериментті топ, заманауи цифрлық фитнес-технологиялары енгізілген эксперименттік топ және дәстүрлі оқыту әдісімен оқытылған бақылау тобы ретінде үш топ іріктеп алынды. Және апробация барысында претест пен посттест тапсырмалары даярланып, оқушылардың қадам саны, белсенді қозғалыс уақыты, жүрек соғу жиілігі, сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау пайызы секілді мәліметтері алынып, талданды. Алты апта бойы оқушылардың орташа қадам саны, белсенді қозғалыс уақыты, тыныштықтағы және жүктеме кезіндегі жүрек соғу жиілігі, сабаққа қатысуы және тапсырмаларды орындау пайызы тіркелді. Пре-тест пен пост-тест нәтижелерін салыстыру геймификация тобы барлық көрсеткіш бойынша айқынырақ өсім көрсеткенін байқатты. Цифрлық фитнес тобы да физикалық белсенділік параметрлерін жақсартты, бірақ сабаққа қатысу мен тапсырма орындау динамикасы геймификация тобына қарағанда төмен болды. Бақылау тобындағы өзгерістер мардымсыз деңгейде қалды. Алынған нәтижелер дене шынықтыру сабақтарында геймификация мен цифрлық фитнес-технологияларын мақсатты қолдану оқушы белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

  • THE IMPACT OF HIGH-INTENSITY INTERVAL TRAINING ON THE ENDURANCE OF MIDDLE SCHOOL STUDENTS IN TEAM SPORTS

    by A. M. Ispandiyarova, E. A. Bitabarov, Наталья Колесникова, M. A. Sapakhov, Айгүл Испандиярова, Мықтыбек Сапахов

    Бұл зерттеуде мектеп оқушыларының дене шынықтыру сабағында командалық спорт түрлеріндегі төзімділігін арттыру үшін жоғары қарқынды аралық жаттығулардың (HIIT) тиімділігі қарастырылды. Дәстүрлі жаттығулармен салыстырғанда HIIT әдісінің физикалық көрсеткіштерге әсерін анықтау мақсатында 9-11 сынып оқушылары (ер балалар) эксперименттік және бақылау топтарына бөлінді. Оқушылар футбол (9-сынып), баскетбол (10-сынып) және волейбол (11-сынып) спорт түрлеріне сәйкес жаттықты. Эксперименттік топтар HIIT әдісі бойынша, ал бақылау топтары дәстүрлі жаттығу әдістері бойынша дайындалды. Физикалық дайындық деңгейін бағалау үшін үш негізгі диагностика жүргізілді. Біріншіден, VO2max көрсеткіші Купер тесті арқылы анықталып, оқушылардың аэробтық төзімділігі өлшенді. Екіншіден, жылдамдық пен секіру қабілеті бағаланып, спринт уақыты мен вертикалды секіру көрсеткіштері тіркелді. Үшіншіден, жүрек соғу жиілігінің қалпына келу жылдамдығы (HRR) зерттеліп, физикалық жүктемеден кейін жүрек соғу жиілігінің қалыпқа келу уақыты есептелді. Зерттеу нәтижелері HIIT жаттығуларының тиімділігін айқын көрсетті. Эксперименттік топтың VO2max көрсеткіші 19,05%-ға артты, секіру биіктігі 18,9 сантиметрге жоғарылады, 30 метрге жүгіріп өту уақыты 1,6 секундқа қысқарды. Ал жүрек соғу жиілігінің қалпына келу жылдамдығы 51%-ға жақсарды. Бақылау тобында да белгілі бір ілгерілеу байқалғанымен, өзгерістердің көлемі аз болды. Бұл HIIT әдістемесінің аэробтық және анаэробтық жүйелерге оң әсерін тигізетінін және мектеп оқушыларының спорттық төзімділігін арттыруда тиімді құрал екенін дәлелдейді.

  • USING ARTIFICIAL INTELLIGENCE TO DEVELOP INDIVIDUAL TRAINING PLANS FOR FUTURE PHYSICAL EDUCATION TEACHERS

    by A Ispandiyarova, A Uskenaliyev, Гулайша Тажиметова, M Aytzhanov, Айгүл Испандиярова, Азамат Ускеналиев, Мырзағали Айтжанов

    Бұл мақалада болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін даярлауда жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын пайдалану арқылы әртүрлі фитнес мақсаттарына арналған жеке жаттығу жоспарларының тиімділігі зерттелген. Заманауи жоғары білім цифрлық трансформация процесінде және негізгі бағыттардың бірі оқу процесін жекелендіру үшін жасанды интелектіні пайдалану болып табылады. Оқытудың дәстүрлі әдістері студенттердің жеке ерекшеліктері, олардың дайындық деңгейін, материалды игеру жылдамдығын және оқытудың қолайлы түрлерін ескермейді. ЖИ білім беру жүйесіне енгізу әр студенттің қажеттіліктеріне бейімделген жеке оқу жоспарларын құрудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Зерттеу барысында машиналық оқыту алгоритмдері мен нейрондық желі модельдерін қолдана отырып, болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің жеке оқу траекториясын жасау тәсілдері қарастырылады. Оқу материалдары бойынша ұсыныстарды автоматты түрде қалыптастыруға, олардың күрделілігін игеру реттілігіне ықпал ететін ЖИ-нің негізгі тетіктері қарастырылды. Зерттеудің мақсаты жеке жаттығу жоспарларын құруда жасанды интелектіні қолдану арқылы оқу үлгеріміне әсерін талдау болып табылады. Зерттеу әдістері ғылыми әдебиеттерді шолуды, студенттердің жеке жаттығуларын құруда ұйымдастырылған экспериментті зерттеуді қамтиды. Зерттеу нәтижесінде ЖИ-ке негізделген жеке жаттығу мен оқыту жүйелерін қолданатын студенттер дәстүрлі әдістеме бойынша оқыған бақылау тобымен салыстырғанда 15% жоғары нәтиже көрсеткені анықталды. Және оқытушылардың 78%-ы бейімделген білім беру технологияларымен жұмыс істеудің ыңғайлылығын, олардың оқу процесінде әлеуетті пайдасын атап өтті. Жеке жаттығуды құрастыру бойынша зерттеу барысында 25 адам төрт негізгі топқа бөлінді: арықтау, бұлшықет массасын арттыру, төзімділікті жақсарту және жалпы денсаулықты нығайту. Әр қатысушының жеке мақсаттары мен денсаулық көрсеткіштері ескеріле отырып, ЖИ негізінде арнайы жаттығу бағдарламалары құрылды. Эксперименттік топтың нәтижелері бақылау тобымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болды: дене салмағы, бұлшықет массасы, төзімділік және калория шығынының көрсеткіштері артты. Зерттеу нәтижелері ЖИ көмегімен құрылған жеке жаттығу бағдарламаларының қатысушылардың физикалық жағдайын жақсартуда тиімді екенін көрсетті. Және де жоғары оқу орнында болашақ дене шынықтыру мұғалімін даярлауда ЖИ енгізу арқылы жеке оқыту, академиялық үлгерімді артыруға және оқытушылардың жұмысын оңтайландыруға ықпал етеді.