G.Sh. Shakhmanova
Research Interests
G.Sh. Shakhmanova has a total of 5 co-authors. Here are the top co-authors by number of shared publications:
- Gulden Tleuberdina
Кокшетауский университет имени Ш. Уалиханова, Кокшетау, 020000, Республика Казахстан
2 shared publications M.K. Нуржаксина
1 shared publicationБ.с. Рахымов
Ш. Уәлиханов атындағы Академик Е.А Көкшетау университеті атындағы
1 shared publicationГ.м. Каналина
1 shared publicationМ.к. Нуржаксина
1 shared publication
Latest Publications
- Open Access
- 28 September 2024
- Published by Karagandy University of the name of academician E.A. Buketov in Bulletin of the Karaganda University Phylology Series
- Vol. 11529 (3) , 182-192
Қазіргі қазақ айтысының көркемдік-идеялық сипаты (Мұхамеджан Тазабек айтыстары негізінде)
Мақалада қазіргі ақындар айтысының, оның ішінде қазақ айтысын жоғары деңгейге көтерген суырып-салмалық өнердің шебері, белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабектің шебер сөз саптауы, айтыстарындағы тақырыптық жаңалығы қарастырылған. Оған қоса, айтыс өнері әсерлі поэтикалық тіл мен әсем әуеннің жарасымы ғана емес, өткір тіл мен ақиқат сөзді тура айтар шындық алаңы екені дәлелденген. Аталмыш мақалада мынадай мәселелер қамтылған: М. Тазабектің Әселхан Қалыбековамен, Айбек Қалиевпен, Дәулеткерей Кәпұлымен, Балғынбек Имашевпен айтыстарындағы сөз саптауы, ақын көтерген тақырыптардың сонылығы. Жүргізілген зерттеулердің негізінде М. Тазабек айтыстарында тәуелсіздік алған тұстағы елдегі жағдай, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер, әртүрлі діни ілімдердің насихатталуы, ақша құлдырауы, шенді-шекпенділердің ел қазынасынан қаражатты ұрлауы және т.б. мәселелерді уақытылы қозғағаны анықталып отыр. Сонымен қатар, айтыскердің ақын ретінде орамды ойларын түйдекті сөздермен, жыршылық сарынды ұстана отырып, тұрақты сөз тіркестерін авторлық қолданыста шебер жұмсайтыны айқындалады. Талданған айтыс үлгілері аудионұсқада, ғаламтор бетінде көп тыңдарманның ыстық ықыласына бөленіп көпшіліктің көкейінде жүрген түйткілді мәселелерді қозғаған сөз жарыстары болып табылады. Мақаланың мақсаты — Мұхамеджан Тазабек айтыстарының қазіргі қазақ айтысының көркемдік-идеялық сипатын арттыруға қосқан үлесін анықтау.
- 28 September 2024
- Published by Karagandy University of the name of academician E.A. Buketov in Bulletin of the Karaganda University Phylology Series
- Vol. 11529 (3) , 182-192
Open AccessҚазіргі қазақ айтысының көркемдік-идеялық сипаты (Мұхамеджан Тазабек айтыстары негізінде)
Мақалада қазіргі ақындар айтысының, оның ішінде қазақ айтысын жоғары деңгейге көтерген суырып-салмалық өнердің шебері, белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабектің шебер сөз саптауы, айтыстарындағы тақырыптық жаңалығы қарастырылған. Оған қоса, айтыс өнері әсерлі поэтикалық тіл мен әсем әуеннің жарасымы ғана емес, өткір тіл мен ақиқат сөзді тура айтар шындық алаңы екені дәлелденген. Аталмыш мақалада мынадай мәселелер қамтылған: М. Тазабектің Әселхан Қалыбековамен, Айбек Қалиевпен, Дәулеткерей Кәпұлымен, Балғынбек Имашевпен айтыстарындағы сөз саптауы, ақын көтерген тақырыптардың сонылығы. Жүргізілген зерттеулердің негізінде М. Тазабек айтыстарында тәуелсіздік алған тұстағы елдегі жағдай, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер, әртүрлі діни ілімдердің насихатталуы, ақша құлдырауы, шенді-шекпенділердің ел қазынасынан қаражатты ұрлауы және т.б. мәселелерді уақытылы қозғағаны анықталып отыр. Сонымен қатар, айтыскердің ақын ретінде орамды ойларын түйдекті сөздермен, жыршылық сарынды ұстана отырып, тұрақты сөз тіркестерін авторлық қолданыста шебер жұмсайтыны айқындалады. Талданған айтыс үлгілері аудионұсқада, ғаламтор бетінде көп тыңдарманның ыстық ықыласына бөленіп көпшіліктің көкейінде жүрген түйткілді мәселелерді қозғаған сөз жарыстары болып табылады. Мақаланың мақсаты — Мұхамеджан Тазабек айтыстарының қазіргі қазақ айтысының көркемдік-идеялық сипатын арттыруға қосқан үлесін анықтау.
- Open Access
- 29 March 2024
- Published by Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages in Журнал серии «Филологические науки»
- Vol. 72 (1)
ҚАЗІРГІ АЙТЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК СИПАТЫ (А.Қалиев, Р.Зайытов, Б.Имашев, А.Бердалин айтыстары негізінде)
Мақала Қазақтан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылып жатқан AP19574645 «Қазіргі айтыстың типологиясы мен поэтикасы» атты жобасы аясында жазылған. Мақалада халқымыздың көне, өміршең өнерінің бірі, поэзия жанрының ең күрделісі – айтыс жайлы сөз етіледі. Әдеби мұраның қалыптасып, өркендеуі бұл өнердің кең етек жаюына ат салысқан ақындар, әсіресе еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңде айтыс сахнасында өнер көрсете бастаған шабыт иелерінің шығармашылығы зерделенеді. Тәуелсіздік алғаннан кейін айтыстың тақырыптық-идеялық өрісі кеңейіп, бұл өнер түрі ұлттық рухани өрлеуге жарқын шырай берді. Жас айтыскерлердің жаңа лебі ауқымды мәселелерді батыл көтере білді. Қазақ халқының қанына сіңіп, жаңаша дамып келе жатқан асыл мұраның жалғастырушысы – бүгінгі айтыскер ақындар. Осыған сәйкес, мақаламыздың мақсаты – санаға түйген жүрек жарды сезімін сахна үстінде айтып беретін шын дарын иелерінің ақындық идеясы мен жыршылық даралықтарын, айтыстағы әдіс-тәсіл қолдану шеберліктерін анықтау, ақындық мұраларына поэтикалық тұрғыдан талдау. Мақаланың ғылыми-практикалық маңыздылығы қазіргі айтыстардың тақырыптық ерекшеліктерін ескере отырып, ақындардың тілге тиек ететін мәселелерін зерттеп, ол айтыстардың қоғамдық маңызы мен әлеуметтік мәнін таныту. Зерттеу тақырыбына негіз болған қазіргі қазақ айтысының өкілдері Айбек Қалиев, Ринат Зайытов, Балғынбек Имашев, Арман Бердалин сынды ақын айтыстарының көркемдік қыры мен тәрбиелік мәні зерделенеді. Ақындардың шығармашылығын, олардың жеке авторлық бейнесін құру және сипаттау арқылы мәдени мұрамызды жаңғыртуға, ұлттың мәдени кодын дамытуға ықпал етеді. Мақаланың негізгі нәтижелері жоба аясында қазіргі айтыс ақындары әлемінің жеке авторлық бейнесінің әдебиет пен мәдениеттегі орнын түсіну, рухани мұраны сақтап, қазақстандық брендті қалыптастыруында. Өскелең ұрпақ бойында адамгершілік және азаматтық-патриоттық сезімдері мен ұлтжандылығын қалыптастыруда бұл өнердің орны мен маңызы ерекше.
- 29 March 2024
- Published by Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages in Журнал серии «Филологические науки»
- Vol. 72 (1)
Open AccessҚАЗІРГІ АЙТЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК СИПАТЫ (А.Қалиев, Р.Зайытов, Б.Имашев, А.Бердалин айтыстары негізінде)