ATAigul Taizhenbetova

Aigul Taizhenbetova

*This is an algorithmically generated author record based on publicly available information.

Aigul Taizhenbetova has a total of 1 co-authors. Here are the top co-authors by number of shared publications:


Latest Publications

  • NATIONAL IDEA «ALASH» AND MAIN DIRECTIONS OF POLITICAL AND PHILOSOPHICAL THOUGHT IN KAZAKH SOCIETY AT THE BEGINNING OF THE ХХ CENTURY

    by Gulzhikhan Nurysheva, Aigul Taizhenbetova

    Мақалада ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қазақ интеллигенциясының қоғамдық-саяси, мәдени-рухани мұрасы саяси-философиялық ойдың бір бағыты ретінде қарастырылып, талданады. Қазақ интеллигенттерінің қоғамдық сананы заман талабына қарай бейімдеу мен жаңғырту жолында қалыптастырған ұлттық-идеологиялық жұмыстары зерделенеді. Мәселен, «Алаш» сөзі саяси қозғалысқа берілген жалқы атау ғана емес, оның философиялық маңызына, астарына үңілу арқылы терең мазмұнын ашуға қадам жасалды. Сол секілді, өткен ғасырдағы Түркістан Республикасын құру бастамалары мен жүзеге асыру процестері қазақ интеллигенттерінің пайым-толғаныстарының жемісі тұрғысынан тұжырымдалып, зиялы қауымның саяси-философиялық ойының даму эволюциясы ретіндегі маңызына назар аударылды. Сондай-ақ, социализм идеологиясын қабылдаған қазақ интеллигенциясының пайымдары, социалистік дүниетанымының ел алдындағы тарихи рөлі сараланды. Қазақ интеллигенттері арасынан идеяға арқау болған тұлғалардың идеяны өндіруші роліне маңыз беріліп, ой-тұжырымдардың таралуымен қатар олардың қызмет жолы мен ой-толғамдарын жалпыландыруға тырыстық. Сонымен бірге, өткен ғасырдағы бірнеше саяси-философиялық ойдың дамуы қазақ қоғамындағы саяси плюрализм ерекшеліктерін көрсетіп берді. Тақырыпты зерделеуарқылы ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси процестер қарама-қарсы күштердің, топтардың күрестерінен ғана тұрмағандығын, алдымен мақсатты көзқарастар мен идеялар жүйесінің текетіресі болғандығына көз жеткізілді. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси-философиялық ойдың даму үрдістерін зерттей отырып оларды бүгінгі Тәуелсіз Қазақстандағы қоғамдық-саяси оймен сабақтастырып отырдық.