ZBZh. Bekbolatova

Zh. Bekbolatova

*This is an algorithmically generated author record based on publicly available information.

Zh. Bekbolatova has a total of 7 co-authors. Here are the top co-authors by number of shared publications:


Latest Publications

  • INTELLIGENT FORECASTING OF RENEWABLE GENERATION FOR DEFICIT REDUCTION AND GRID STABILITY

    by Zh. Bekbolatova, D. V. Grigoryev, A. Nurymov, Zh. Kuatzhanov

    The increasing penetration of variable renewable energy sources creates new challenges for regional power systems characterized by structural electricity deficits and dependence on external power transfers. This paper develops an intelligent forecasting framework for wind and solar power generation aimed at supporting power balance assessment and grid stability analysis in the Almaty region of Kazakhstan. The proposed approach combines historical meteorological data, renewable generation profiles, and machine-learning algorithms to forecast variable renewable energy output under different operating conditions. Forecasting models based on time-series analysis and machine-learning techniques are evaluated using standard accuracy indicators, including RMSE, MAE, and MAPE. The forecasted renewable generation is further integrated into a regional power balance assessment to estimate its potential contribution to reducing electricity deficit and supporting operational planning. The results demonstrate that intelligent forecasting can improve the predictability of renewable generation, reduce uncertainty in dispatch decisions, and provide a data-driven basis for renewable energy integration in deficit prone power systems. The study contributes to the development of practical forecasting tools for emerging power systems with growing shares of renewable energy. Keywords: intelligent forecasting, Renewable energy forecasting, variable renewable energy, wind power forecasting, machine learning, artificial intelligence.

  • ЦИФРЛЫ ДИАГНОСТИКА НЕГІЗІНДЕ МИКРОГИДРО ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ СИНХРОНДЫ ГЕНЕРАТОРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

    by А. О. Бердібеков, А. Б. Бекбаев, К. К. Смагулова, А. А. Жуматова, Ж. Қ. Бекболатова

    Бұл мақалада цифрлы диагностика әдістерін қолдану негізінде микрогидро электр станциясындағы (МГЭС) синхронды генератордың жұмысын оңтайландыру мәселелері қарастырылады. Зерттеуде генератордың техникалық күйін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін датчиктік жүйелер, цифрлы сигналдарды өңдеу алгоритмдері және ақауларды ерте анықтау тәсілдері талданады. Сонымен қатар, алынған диагностикалық ақпарат негізінде генератордың жүктемесін тиімді бөлу, энергия өндіру көрсеткіштерін арттыру және жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында басқару стратегиялары ұсынылады. Ұсынылған әдістеме микрогидроэнергетика объектілерінің сенімділігін арттырып, эксплуатациялық шығындарды азайтуға септігін тигізеді. Мақалада вибродиагностика, термография, ток пен жүктеме талдауы, дыбыс және температуралық бақылау сияқты заманауи цифрлы технологиялардың мүмкіндіктері қарастырылып, олардың генератордың техникалық күйін бақылаудағы рөлі айқындалған. SCADA секілді автоматтандырылған бақылау және деректерді жинау жүйелерінің тиімділігіне жеке тоқталып, олардың нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізу және ақауларды ерте анықтау мүмкіндігін қамтамасыз ететіні көрсетілген. Сонымен қатар, цифрлы сенсорлық жүйелер мен жасанды интеллект элементтерін енгізу арқылы генератордың жұмыс режимін автоматты түрде оңтайландыру жолдары ұсынылады. Зерттеу барысында нақты микрогидро станция жағдайында генератордың параметрлері өлшеніп, алынған деректер негізінде жұмыс тиімділігіне әсер ететін факторлар анықталған. Автор генераторлардың жұмыс процесін модельдеу арқылы энергия өндірудің тұрақтылығын арттыру және техникалық қызмет көрсету шығындарын азайту жолдарын көрсетеді. Сонымен қатар, генератордың жүктеме профилін болжау мен диагностика нәтижелерін талдау үшін цифрлы платформалар мен бағдарламалық құралдарды біріктірудің маңыздылығы дәлелденген. Жалпы алғанда, мақалада микрогидро энергетика саласында цифрландыру мен интеллектуалды бақылау жүйелерін қолданудың тиімділігі негізделеді. Ұсынылған тәсілдер жабдықтың тозуын азайтуға, генератордың қызмет ету мерзімін ұзартуға, жоспардан тыс тоқтауларды төмендетуге және МГЭС-тің жалпы энергетикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері цифрлы диагностикаға негізделген интеллектуалды басқару жүйесін енгізу микрогидроэнергетика объектілерінің сенімділігі мен өнімділігін айтарлықтай арттыратынын көрсетеді. Кілтті сөздер: микрогидроэлектр станциясы, синхронды генератор, цифрлы диагностика, оңтайландыру, ақау анықтау, сенімділік, SCADA.