Қазақ гемеронимдері: телебағдарламалар атауларының ономасиологиялық талдауы
Open Access
- 20 March 2025
- journal article
- Published by al-Farabi Kazakh National University in Herald of journalism
- Vol. 75 (1) , 51-60
Abstract
Қазақ ономастикалық кеңістігінің аз зерттелген нысанының бірі – гемеронимдер. Мақалада телебағдарламалар атаулары ономастиканың перифериялық түрі ретінде ономасиологиялық аспектіде қарастырылады. Мақаланың зерттеу нысаны ретінде Қазақстанның «Хабар», «El Arna», «Qazaqstan» ұлттық телеарна бағдарлама атаулары алынып отыр. Телебағдарлама атауларын ономасиологиялық тұрғыдан талдау негізінде бәсекеге қабілеттілігін арттыратын, маңызды мәдени-танымдық, жарнамалық қызмет атқаратын жүйелі лингвистикалық құрылым ретінде дәлелдеу мақсаты көзделген. Ақпараттық-талдамалы, деректі, танымдық, мәдени-ағартушылық, спорттық және ойын-сауық бағдарламалары атауларын қарастыруда ғылыми сипаттау, оның ішінде бақылау, топтастыру, сандық есептеу және жалпылау тәсілдері мен ономасиологиялық, квантитативтік талдау әдістері қолданылды. Телевизиялық топтама атаулары олардың мазмұны, жанры, мақсаты және көрерменге беретін ақпараттық, эмоционалдық әсері бойынша айқын, тартымды болуы тиіс. Телебағдарламалар атаулары тек қана топтаманың тақырыбын немесе мәнін көрсету үшін ғана емес, бағдарламаның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін де үлкен маңызға ие. Ғылыми еңбекте ономастиканың жалпы теориялық мәселелері, ономастикалық периферия, телебағдарлама атауларының тиісті онимдер жүйесіндегі қызметі қарастырылатындықтан, нәтижесі мен тұжырымын ономастика, медиалингвистика, тележурналистика салаларында қолдану мүмкіндігі бар.Keywords
This publication has 5 references indexed in Scilit:
- Computational Assessment of Hyperpartisanship in News TitlesProceedings of the International AAAI Conference on Web and Social Media, 2024
- Translating TV Series Titles: A Case Study of Iranian Film Monthly MagazineJournal of Translation and Language Studies, 2023
- How headlines communicate: A functional-pragmatic analysis of small-format texts in English-language mass mediaTraining Language and Culture, 2023
- A Comparative Analysis of Adjective Types and Functions in Print Media: The Star Newspaper and Reader’s Digest Magazine HeadlinesInternational Journal of Language Education and Applied Linguistics, 2023
- NAME OF THE NEWSPAPER: COMMUNICATIVE-FUNCTIONAL APPROACHGênero & Direito, 2019