Бұл мақалада кілем тоқу өндірісінде қолданылатын полипропилен негізіндегі синтетикалық жіптердің технологиясы және олардың өртке төзімділігін арттыру жолдары зерттелді. Полипропилен талшықтарындағы физика-механикалық қасиеттерін атап айтқанда тозуға төзімділігі мен беріктігі және экономикалық тиімділігі жоғары болғанымен, олардың жанғыштығы негізгі кеміліктерінің бірі болып келеді. Соған байланысты талшық құрамын антиперендік қоспалармен модификациялау, технологиялық параметірлерін оңтайландыру қарастырылады.Зерттеу барасында полипропилен балқымасындағы көміртек, кремний диоксиді мен алюминий оксиді негізіндегі антиперендер енгізіліп, әр түрлі тығыздықтағы жіптер жасалады. Экструзия, созу, текстурлау мен термобекіту кезеңін жекелеп жіп сапасы анықталады. Жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде жіптің тығыздығы артқан сайын жану уақыты мен температурасының өзгеру заңдылықтары айқындалады. Зерттеу нәтижелері бойынша құрамында 92,7c/o полипропилен, 3c/o көміртек, 0,3c/o SıO2, 1c/o Al2O3 1c/o жұмсартқыш және 2c/o бояу бар No4 үлгі ең тиімді өртке төзімді материал ретінде анықталады. Ұсынылған технология бойынша кілем жіптерінің өртке төзімділігін арттырып, олардың пайдалану қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай ақ мұндағы ұсынылатын технологиялық құрамы мен өндірістік процестің тұрақтылығын қамтамасыз ету, дайын өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Осы алынған нәтижелер кілем өндірісінде қауіпсіз, ұзақ мерзімді және бәсекеге қабілетті өнімдер ретінде шығаруға негіз болады.