Abstract
Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика – Математика ғылымының ерекше саласы. Ықтималдықтар теориясы ХХ ғасырдың басында аксиомаландыру арқылы математиканың толыққанды бөлігіне айналуымен қатар математикалық статистиканың негізі болып табылады. Бұл салалардың даму салдарынан тәуекелдер теориясы, актуарлық математика, стохастикалық анализ, биостатистика тәрізді жаңа ғылым бағыттары мен соның негізінде жаңа мамандықтар легі пайда болуда. Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың осындай маңыздылықтары ескеріле отырып, қазіргі таңда мектеп математика курсына да енгізілген. Сол себепті ықтималдықтар теориясын және оның үзіліссіз жалғасы болып табылатын математикалық статистиканы жан–жақты теориялық және практикалық тұрғыдан оқыту өзекті болып табылады. Басты, бірақ көпшілік жағдайда оқу барысында назар аударылмайтын, сондықтан да дайын формулаға қойып, есеп шығарумен шектелетін негізгі ұғымдарды беру әдістемесі зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелердің бірі. Сонымен қатар, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтері мектеп бағдарламасына соңғы жылдары енгізілгендіктен оларды қай сыныпта, қандай көлемде беру қажеттігін анықтау пәнді оқыту әдістемесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мақаланың мақсаты ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың негізгі ұғымдарының дұрыс математикалық анықтамаларын және оларды беру әдістемесін алғашқы ұғымдар мысалында ұсыну және сол тақырыптар мысалында білім алушылардың жас ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Осыған орай, мақалада ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтерін мектеп математикасында беру әдістемесінің назар аударуды қажет ететін тұстары, атап айтқанда, тәжірибе, тәжірибенің орындалуы және тәжірибе нәтижелері ұғымдарын ажырата білу, оқиға, оқиға орыдалуы, басты жиынтық сияқты негізгі ұғымдары зерттелінген және оларды беру әдістемесі ұсынылған. Аталған және басқа да ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика тақырыптарын мектеп математикасында қай сыныпта енгізуді анықтауға мүмкіндік беретін эмпирикалық тәжірибе негізінде бірқатар ұғымдар үшін жас ерекшеліктер анықталған қорытындылар жасалды. Бұл ұсынылған зерттеу нәтижелері мектеп бағдарламалары мен оған сәйкес келетін оқулықтарды құруда негіз бола алады. Теория вероятностей и математическая статистика представляют собой особый раздел математической науки. Аксиоматизация теории вероятностей в начале XX века ознаменовала её становление как самостоятельной и фундаментальной области математики, одновременно теория вероятностей является основой для математической статистики. Развитие этих направлений способствовало появлению новых областей знаний, таких как теория риска, актуарная математика, стохастический анализ, биостатистика и другие, а также обусловило возникновение ряда специальностей. В связи с возрастающей ролью вероятностно–статистических методов в различных сферах науки и практики, их включение в школьные программы по математике является своевременным и обоснованным. В связи с чем, теоретическое и практическое обучение теории вероятностей и математической статистике является актуально. Одним из важных вопросов является методика преподавания...