ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР КЕН ОРЫНДАРЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫМДЫ КЕН БЛОКТАРЫН ИГЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ ШИКІЗАТ САПАСЫН БАСҚАРУ.
Open Access
- 30 December 2025
- journal article
- Published by Kazakh University of Technology and Business in Вестник КазУТБ
- Vol. 4 (29)
Abstract
Соңғы жылдары кен өндіру өнеркәсібінде айрықша маңызды жаңартулар жүзеге асты. Заманауи ғылыми-техникалық прогресс жер қойнауын пайдалану саласын да айналып кеткен жоқ. Инновациялық көп функцияналды ақпараттық жүйелерді белсенді енгізу пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеуге тікелей қатысты секторларға да, сондай-ақ кен орындарын жобалау және модельдеу салаларына да әсер етті. Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде геологиялық барлау мен пайдалы қазбаларды өндіруді дамыту үшін кен өндіру өнеркәсібіне қатысты бірқатар маңызды шараларды ұсынды. Сондықтан қорларды ұтымды әрі үнемді пайдалану үстінен қатаң бақылау орнату, сондай-ақ түпкілікті қаржылық нәтижеге бағдарланған тау-кен жұмыстарын үздіксіз және икемді жоспарлау - дамыған елдердің әлемдік нарығындағы қатаң бәсеке мен өзгермелі конъюнктура жағдайында табысты қызметтің негізі. Бүгінде кен өндіруші кәсіпорындарға технологиялық дамудың әлемдік деңгейіне жылдам шығу қажет. Әлемдік экономикадағы терең өзгерістер геология-барлау және кен өндіру компанияларының жұмысына көптеген жаңашылдықтарды әкелуде. Қазіргі күрделі жағдайда тау-геологиялық бейіндегі ұйымдар үшін оңтайлы стратегия - тиімділікті арттыру: шығындарды жан-жақты қысқарту әрі жөнелтілетін кеннің сапасын бір мезгілде өсіру. Кен өндіру өнеркәсібінің аса маңызды міндеті - тауарлық өнімнің талап етілетін сапасына қол жеткізуге жағдай жасау, жоғалтуларды болдырмау немесе барынша азайту және өңдеуге түсетін материалдағы бағалы компонентті толық алуды қамтамасыз ету. Күрделі құрылымды кен блоктары бар кен орындарын игеру жағдайында бұл міндет түбегейлі мәнге ие, өйткені мұндай кен орындарының минералдық шикізатын өңдеу едәуір материалдық шығындарды талап етеді; өндірілетін массаның сапалық көрсеткіштерінің тұтынушы талаптарынан болар-болмас ауытқуының өзі де кен орнын игерудің жалпы теріс экономикалық нәтижелеріне алып келуі мүмкін. Сондықтан күрделі құрылымды кен блоктарынан өндірілетін шикізат сапасын басқару - өзекті ғылыми-практикалық міндет.Keywords
This publication has 8 references indexed in Scilit:
- A systematic review of machine learning-based remote sensing data analysis for geological and mined materials characterisationEuropean Journal of Remote Sensing, 2025
- Multi-Objective Ore Blending Optimization for Polymetallic Open-Pit Mines Based on Improved Matter-Element Extension Model and NSGA-IIMathematics, 2025
- Multi-objective optimization for ore blending schemes in the open-pit phosphate mine using an improved NSGA-II algorithmGreen and Smart Mining Engineering, 2025
- Advancing Iron Ore Grade Estimation: A Comparative Study of Machine Learning and Ordinary KrigingMinerals, 2025
- Geometallurgy: Present and FutureElements, 2023
- A Review of Sensor-Based Sorting in Mineral Processing: The Potential Benefits of Sensor FusionMinerals, 2022
- Improvement of Mineral Processing Methods in Mining Structurally-Complex DepositsMining Industry Journal (Gornay Promishlennost), 2022
- Resource and Grade Control Model Updating for Underground Mining Production SettingsMathematical Geosciences, 2020