ZPZh.A Parzhanov

Zh.A Parzhanov

*This is an algorithmically generated author record based on publicly available information.

Zh.A Parzhanov has a total of 5 co-authors. Here are the top co-authors by number of shared publications:


Latest Publications

  • MORPHOLOGICAL AND BIOCHEMICAL PARAMETERS OF BLOOD OF KARAKUL SHEEP

    by Zh.A Parzhanov, N.N Azhimetov, G.R Tastanbekova, Tlegenova K.B., A.E. Kydyrbaeva, R.Zh. Shimelkova

    Мал тұқымын асылдандыруда,оның ішінде қаракөл қойларының өнімділік сапасын арттыру ұзақ уақытты қажет ететін және нақтылы бір экологиялық аймақ жағдайында, олардың экономикалық пайдалы қасиеттерін қалыптастыру мақсатында жүргізілетін күрделі процесс. Нақтырақ айтқанда, қаракөл қойының түсі, реңі және елтірілік типі ерекшеліктеріне байланысты олардың қан құрамында да айтарлықтай айырмашылық байқалу керек. Бұл айырмашылықтар қан құрамындағыморфологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің қоршаған орта жағдайындағы өзгерістерге жауап реакциясымен сипатталады. Авторлардың зерттеулерінде, қаракөл қозыларының 4,5 айлық жасында қанының морфологиялық және биохимиялық көрсеткіштері туылған кезіндегі мен 12 айлық жасындағы қозыларға қарағанда айырмашылықтар бар екендігі, эритроциттердің санының көбеюімен қатар гемоглобин мөлшері артып, керісінше тромбоциттердің кемуі байқалады, сонымен қатар қозылардың түсі мен реңіне байланысты өзгеріп тұратындығы анықталған. Зерттеулерде лейкоциттердің мөлшері малдар ағзасының табиғи резистентілік деңгейін анықтайтындығын ескеретін болсақ, онда қаракөл қозыларында резистенттіліктің деңгейі ашық көктен бастап, қара түске дейін біртіндеп артатындығы анықталған.Зерттеу нәтижелері бойынша көрсетілген биохимиялық айырмашылықтарда жасалған талдау барысында қара түсті жакетті елтірілік типті қозылардың ағзасында көк түсті қозыларға қарағанда биохимиялық процестер салыстырмалы түрде қарқындырақ жүреді деп тұжырымдауға болады