Zh.O. Demesinova
Current Organizations / Institutes
The organizations/institutes from the scholar's latest article
Zh.O. Demesinova has a total of 6 co-authors. Here are the top co-authors by number of shared publications:
- Adil Absattar
Institute of Project Management Department of Kazakh and Russian Languages, K. Satbayev Kazakh National Research Technical University, Almaty 050000, Kazakhstan
1 shared publication - Zhanna Kuzembekova
Калифорния университеті, АҚШ, Калифорния штаты, Девис қ
1 shared publication А. Удербаев
Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақстан, Алматы қ
1 shared publication- Алмас Үдербаев
Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақстан, Алматы қ
1 shared publication О. Жубай
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан
1 shared publication- О. Жұбай
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ
1 shared publication
Latest Publications
- Open Access
- 30 December 2025
- Published by al-Farabi Kazakh National University in Eurasian Journal of Philology: Science and Education
- Vol. 200 (4)
Қазақ тіліндегі ғылыми терминологияның когнитивтік және ақпараттық негіздері (Қ. Сәтбаевтың «Алгебра» оқулығы негізінде)
Мақалада қазақ тіліндегі ғылыми терминологияның когнитивтік және ақпараттық негіздері Қаныш Сәтбаевтың «Алгебра» оқулығы материалдары негізінде кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу жұмысының өзектілігі – терминнің номинативтік бірлік ретінде ғана емес, сонымен бірге ақпаратты сақтаушы әрі ғылыми білімді ұйымдастырушы когнитивтік құрылым ретінде қарастырылуында. Терминологиялық жүйе ұлттық дүниетаным мен ғылыми танымның өзара байланысын бейнелейтін семиотикалық және ақпараттық модель ретінде сипатталады. Зерттеудің басты мақсаты – терминнің когнитивтік және ақпараттық табиғатын анықтау, қазақ ғылыми тіліндегі ұғымдық жүйенің дамуы мен терминологиялық ақпараттың жинақталу тетіктерін айқындау. Зерттеу барысында когнитивтік талдау, лингвомәдени және дефинициялық әдістер, семантикалық модельдеу және салыстырмалы-типологиялық тәсілдер қолданылды. Жұмыс нәтижесінде Қ. Сәтбаев жасаған терминдердің ғылыми танымдағы ұжымдық жад үлгілерін көрсететіні және олардың ішкі формасында ғылыми ақпарат пен ұлттық тәжірибенің бейнеленетіні дәлелденді. Терминологиялық ақпараттың кумулятивті және динамикалық сипаты айқындалып, жаңа терминологиялық жүйенің қалыптасу механизмдері көрсетілді. Сонымен қатар зерттеу қазақ ғылыми стильінің эволюциясында Сәтбаев терминдерінің концептуалдық рөлін айқындап, олардың қазіргі терминқорды жүйелеудегі маңызын нақтылайды. Жұмыс нәтижелері қазақ ғылыми дискурсының когнитивтік картасын құруға және салалық терминжасам үдерістерін жетілдіруге әдіснамалық негіз бола алады. Зерттеу нәтижелерін когнитивтік лингвистика, терминтану және ғылыми тіл тарихы пәндерінде, сондай-ақ қазақ ғылыми терминологиясын оқыту тәжірибесінде пайдалануға болады. Түйін сөздер: когнитивтік лингвистика, терминология, ақпарат, Қ. Сәтбаев, «Алгебра».
- 30 December 2025
- Published by al-Farabi Kazakh National University in Eurasian Journal of Philology: Science and Education
- Vol. 200 (4)
Open AccessҚазақ тіліндегі ғылыми терминологияның когнитивтік және ақпараттық негіздері (Қ. Сәтбаевтың «Алгебра» оқулығы негізінде)
Мақалада қазақ тіліндегі ғылыми терминологияның когнитивтік және ақпараттық негіздері Қаныш Сәтбаевтың «Алгебра» оқулығы материалдары негізінде кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу жұмысының өзектілігі – терминнің номинативтік бірлік ретінде ғана емес, сонымен бірге ақпаратты сақтаушы әрі ғылыми білімді ұйымдастырушы когнитивтік құрылым ретінде қарастырылуында. Терминологиялық жүйе ұлттық дүниетаным мен ғылыми танымның өзара байланысын бейнелейтін семиотикалық және ақпараттық модель ретінде сипатталады. Зерттеудің басты мақсаты – терминнің когнитивтік және ақпараттық табиғатын анықтау, қазақ ғылыми тіліндегі ұғымдық жүйенің дамуы мен терминологиялық ақпараттың жинақталу тетіктерін айқындау. Зерттеу барысында когнитивтік талдау, лингвомәдени және дефинициялық әдістер, семантикалық модельдеу және салыстырмалы-типологиялық тәсілдер қолданылды. Жұмыс нәтижесінде Қ. Сәтбаев жасаған терминдердің ғылыми танымдағы ұжымдық жад үлгілерін көрсететіні және олардың ішкі формасында ғылыми ақпарат пен ұлттық тәжірибенің бейнеленетіні дәлелденді. Терминологиялық ақпараттың кумулятивті және динамикалық сипаты айқындалып, жаңа терминологиялық жүйенің қалыптасу механизмдері көрсетілді. Сонымен қатар зерттеу қазақ ғылыми стильінің эволюциясында Сәтбаев терминдерінің концептуалдық рөлін айқындап, олардың қазіргі терминқорды жүйелеудегі маңызын нақтылайды. Жұмыс нәтижелері қазақ ғылыми дискурсының когнитивтік картасын құруға және салалық терминжасам үдерістерін жетілдіруге әдіснамалық негіз бола алады. Зерттеу нәтижелерін когнитивтік лингвистика, терминтану және ғылыми тіл тарихы пәндерінде, сондай-ақ қазақ ғылыми терминологиясын оқыту тәжірибесінде пайдалануға болады. Түйін сөздер: когнитивтік лингвистика, терминология, ақпарат, Қ. Сәтбаев, «Алгебра».
- 30 March 2025
- Published by L. N. Gumilyov Eurasian National University in Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University PHILOLOGY Series
- Vol. 150 (1) , 250-259
Америкалық OPI тест жүйесін жүзеге асырудың қолданбалы мүмкіндіктерін бағалау және олардың қазақ тілін тестілеудің айтылым субтесті үшін тиімді тұстарын анықтау
Бұл мақалада америкалық OPI тест жүйесі талданып, оны қазақ тілін тестілеудің айтылым бөлігінде қолданудың жаңа мүмкіндіктері қазақ тілінің болашағы, даму сипаты тұрғысынан баяндалды. Мақала қазақ тілін тестілеудің формасын жаңарту, айтылым бөлігіне ерекше мән беру тілдің таралу аясының кеңеюіне мүмкіндік беретінін дәлелдеу мақсатын көздейді. Айтылым тестінің тапсырмаларын құрастыру кезінде тест әзірлеушілерге теориялық негіз бола алады. Мақалада ғылыми материалды жинақтау, салғастыру, талдау әдістері қолданылды. Қазақ тілінің иесі әрі лингвист ретінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңеюіне, еліміздегі күнделікті қолданыстағы бірінші тілге айналуына мүдделіміз. Оның алғышарттарына қатысты ғылыми зерттеулер жүргізіп, әлемнің озық үлгілерін талдау әрі ұсыну – міндетіміз. Осы тұрғыдан келгенде OPI тест жүйесінің қазақ тілі бойынша тестілеудің айтылым бөлігіне тоғыстырылуының маңызды әрі қажетті қадам екенін мақалада негіздеуге тырыстық. Өйткені айтылым субтесті тұлғаның коммуникативтік құзіретін дамытып, тіліндегі лингвистикалық индикаторларды айқын көрсететін тапсырма түрі екенін есепке алып, тестілеудің формасына, мазмұны мен құрылымына ерекше мән беруіміз қажет. Әлемдік беделге ие тестілеу жүйесінің қазақ тілінің тестілеуіне байланыстырылуы мемлекеттік тілдің беделін арттыруға да септігін тигізеді.