АҮА. Ә. Үсен

А. Ә. Үсен

*This is an algorithmically generated author record based on publicly available information.

А. Ә. Үсен has a total of 6 co-authors. Here are the top co-authors by number of shared publications:

  • Ж. Б. Әділбекова

    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан 2 Памуккале университеті 010000 20980 Астана Денизли Түркия

    2 shared publications
  • Mustafa Arslan

    Университет Памуккале, 20160, Денизли, Турция

    1 shared publication
  • А. Жумабеккызы

    Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Астана, 010000, Республика Казахстан

    1 shared publication
  • А. Жұмабекқызы

    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан 2 Памуккале университеті 010000 20980 Астана Денизли Түркия

    1 shared publication
  • А. Усен

    Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Астана, 010000, Республика Казахстан

    1 shared publication
  • Ж. Адильбекова

    Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Астана, 010000, Республика Казахстан

    1 shared publication

Latest Publications

  • Open Access

    М. ӘУЕЗОВТІҢ «АМЕРИКА ӘСЕРЛЕРІ» ОЧЕРКІН МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ТАНЫМ ТӘЖІРИБЕСІ ТҰРҒЫСЫНАН ТАЛДАУ

    by Ж. Әділбекова, А. Үсен, М. Арслан, А. Жұмабекқызы, Ж. Адильбекова, А. Усен, А. Жумабеккызы

    Мақалада халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің 1960 жылы Америка Құрама Штаттарына барған сапарының негізінде жазылған «Америка әсерлері» жолжазба очеркі жанрлық және мазмұндық тұрғыдан жан-жақты талданады. Шығарма жазылған дәуірдің тарихи-мәдени мәнмәтіні, АҚШ сапарының мән-маңызы қарастырылады. Очерктің публицистикалық сипаты, жазушының деректілік пен көркемдік тепе-теңдікті сақтаудағы шеберлігі сипатталады. Әуезовтің Америка мәдениетін қабылдауы, қазақ халқының өз мәдени құндылықтарымен салыстыра суреттеуі нақты эпизод, мысалдар арқылы көрсетіледі. Зерттеудің өзектілігі – М.О. Әуезовтің мәдениетаралық қабылдауын қазіргі әдебиеттанудағы диалогтық үрдістермен байланыстыра қарастыруда. «Америка әсерлері» очеркін талдау арқылы Мұхтар Әуезовтің өзге елдің өмірін өз ұлтының таным-түсінігі тұрғысынан зерделеп, екі халықтың ортақ адамзаттық құндылықтарын табуға ұмтылған қайраткерлік ұстанымы айқындалады. Зерттеу барысында очерк жанрының публицистикалық сипаты мен Әуезовтің авторлық стиль ерекшеліктері тарихи-мәдени мәнмәтін аясында зерделенеді. Сонымен бірге «Америка әсерлері» очеркіндегі мәдениетаралық қабылдаудың мәні мен Әуезов қаламына тән көркемдік ерекшелік туралы тұжырымдар жасалады. Зерттеу жұмысының жаңашылдығы – шығарманы сапарнама ретінде емес, публицистикалық қуаты мол мәдениетаралық ой-толғам үлгісі ретінде бағалауда. Зерттеу нәтижесінде очерктің тарихи деректілік пен көркемдік үйлесімі анықталып, жазушының әлем өркениетіне ұлттық тұрғыдан баға берудегі шеберлігі мен мәдениеттерді тоғыстыруға деген ұмтылысы айқындалды.

  • М. О. ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ – ШЫҒЫС ПЕН БАТЫС АРАСЫН ҚОСҚАН ӘДЕБИ КӨПІР

    by Ж. Б. Әділбекова, А. Ә. Үсен

    Мұхтар Әуезов – шығармашылық жолымен төл әдебиетімізде ғана емес, әлем әдебиетінде өзіндік сара жолын салып, классик жазушылар қатарынан ойып тұрып орын алған көрнекті тұлға. Оның көркемдік әлемі – мәдени контекстті бойына терең сіңірген, шығыс пен батысты жалғастырған әдеби әрі мәдени көпір. Өз кезегінде Мұхтар Омарханұлы өз заманының әлеуметтік және мәдени өзгерістерін көрсететін бейнелерді шығармаларында сомдау үшін қазақ тілі мен фольклорының әдеби мол байлығын пайдаланды. Оның шығармашылығы дәстүріміздің алып қайнаркөзіне бойлатып, жаңа идеяларға ашық болуымен, кең арналы тынысымен ерекшеленеді. Бұл мақалада Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармашылығының жаһандық дүниетанымда шығыс пен батыс мәдениетінің синтезін, қазақ халқының бірегейлігін танытуда қосқан үлесі баяндалады. Берілген мақала салыстырмалы әдебиеттану мен мәдениеттану саласындағы зерттеулердің кең арнасын қалыптастыруға, сондай-ақ Мұхтар Әуезовтің шығармашылығын әлемдік әдеби мұраның маңызды құрамдас бөлігі ретінде бағалауға арналған. Мұхтар Әуезов шығармашылығын әлем классиктерінің мұрасымен қатар қойып салыстыру оқырманның дүниетанымын кеңейтіп, әдебиетіміздің көркемдік әлеміне әртүрлі мәдени призмалар арқылы қарап бағамдауға мүмкіндік береді. Мақала қорытындысында Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармашылығын жаһандану жағдайында қазіргі әдебиеттану пен мәдени процестерге әсерін әрі қарай тереңрек зерттеу қажеттілігі атап өтілді. Кілтті сөздер: жазушы, әлем әдебиеті, салыстырмалы әдебиеттану, әдеби үндестік, рухани ықпал.