АЖА. Жұмабекқызы

А. Жұмабекқызы

*This is an algorithmically generated author record based on publicly available information.

А. Жұмабекқызы has a total of 7 co-authors. Here are the top co-authors by number of shared publications:

  • Kaiyrbek Kemengger

    L.N. Gumilyov Eurasian National University

    1 shared publication
  • Mustafa Arslan

    Университет Памуккале, 20160, Денизли, Турция

    1 shared publication
  • А. Жумабеккызы

    Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Астана, 010000, Республика Казахстан

    1 shared publication
  • А. Усен

    Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Астана, 010000, Республика Казахстан

    1 shared publication
  • А. Ә. Үсен

    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан 2 Памуккале университеті 010000 20980 Астана Денизли Түркия

    1 shared publication
  • Ж. Адильбекова

    Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Астана, 010000, Республика Казахстан

    1 shared publication

Latest Publications

  • Open Access

    М. ӘУЕЗОВТІҢ «АМЕРИКА ӘСЕРЛЕРІ» ОЧЕРКІН МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ТАНЫМ ТӘЖІРИБЕСІ ТҰРҒЫСЫНАН ТАЛДАУ

    by Ж. Әділбекова, А. Үсен, М. Арслан, А. Жұмабекқызы, Ж. Адильбекова, А. Усен, А. Жумабеккызы

    Мақалада халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің 1960 жылы Америка Құрама Штаттарына барған сапарының негізінде жазылған «Америка әсерлері» жолжазба очеркі жанрлық және мазмұндық тұрғыдан жан-жақты талданады. Шығарма жазылған дәуірдің тарихи-мәдени мәнмәтіні, АҚШ сапарының мән-маңызы қарастырылады. Очерктің публицистикалық сипаты, жазушының деректілік пен көркемдік тепе-теңдікті сақтаудағы шеберлігі сипатталады. Әуезовтің Америка мәдениетін қабылдауы, қазақ халқының өз мәдени құндылықтарымен салыстыра суреттеуі нақты эпизод, мысалдар арқылы көрсетіледі. Зерттеудің өзектілігі – М.О. Әуезовтің мәдениетаралық қабылдауын қазіргі әдебиеттанудағы диалогтық үрдістермен байланыстыра қарастыруда. «Америка әсерлері» очеркін талдау арқылы Мұхтар Әуезовтің өзге елдің өмірін өз ұлтының таным-түсінігі тұрғысынан зерделеп, екі халықтың ортақ адамзаттық құндылықтарын табуға ұмтылған қайраткерлік ұстанымы айқындалады. Зерттеу барысында очерк жанрының публицистикалық сипаты мен Әуезовтің авторлық стиль ерекшеліктері тарихи-мәдени мәнмәтін аясында зерделенеді. Сонымен бірге «Америка әсерлері» очеркіндегі мәдениетаралық қабылдаудың мәні мен Әуезов қаламына тән көркемдік ерекшелік туралы тұжырымдар жасалады. Зерттеу жұмысының жаңашылдығы – шығарманы сапарнама ретінде емес, публицистикалық қуаты мол мәдениетаралық ой-толғам үлгісі ретінде бағалауда. Зерттеу нәтижесінде очерктің тарихи деректілік пен көркемдік үйлесімі анықталып, жазушының әлем өркениетіне ұлттық тұрғыдан баға берудегі шеберлігі мен мәдениеттерді тоғыстыруға деген ұмтылысы айқындалды.

  • ҚАЗАҚ-ТҮРІК ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСЫ: ГЕНЕТИКАЛЫҚ, ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК САБАҚТАСТЫҒЫ

    by Қ. Р. Кемеңгер, А. Жұмабекқызы

    Қазақ және түрік әдеби байланысы – түркі халықтары арасындағы рухани үндестіктің маңызды көрінісі. Ортақ әдеби мұраларды жаңаша пайымдау мен насихаттау екі халықтың мәдени жадысын жаңғыртуға себепкер болады. Бұл әдеби ықпалдастық түркі халықтарының көркем мұрасын жан-жақты саралап, ортақ рухани кеңістіктің кеңеюіне ықпал етеді. Мақалада қазақ пен түрік әдебиеттерінің тарихи өзара байланысы, әдеби бағыттарындағы (реализм, модернизм, т.б.) ұқсастықтары, қаламгерлер шығармашылығындағы үндестіктер мен қазіргі заманғы әдеби ынтымақтастықтар талданады. Зерттеуде тарихи-салыстырмалы және типологиялық талдау әдістері қолданылып, екі халықтың әдеби дамуы барысындағы ортақ сарындар анықталады. Әсіресе ХХ ғасырдағы модернистік бағыттағы шығармаларда екі ел авторларының дәстүрлі формадан алыстап, кейіпкерлердің ішкі әлемін терең бейнелеудегі ортақ ұстанымдары байқалады. Сондай-ақ кеңестік кезеңдегі әдеби байланыстар (аудармалар, антологиялар) мен тәуелсіздік кезеңіндегі аударма, баспа ісі және ортақ мәдени жобалар арқылы жүзеге асып жатқан қазіргі әдеби ықпалдастықтар сипатталады. Зерттеу нәтижесінде қазақ-түрік әдеби байланысының үздіксіз дамып, өзара байытылып отырғаны көрсетіледі. Аталған бағыттағы зерттеулер түркітілдес елдер арасындағы әдеби, мәдени және тарихи байланыстарды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: қазақ әдебиеті, түрік әдебиеті, әдеби байланыс, тақырыптық ұқсастықтар, аударма, әдеби ықпалдастық.