Б.T. Мырзақұлов
Б.T. Мырзақұлов has a total of 2 co-authors. Here are the top co-authors by number of shared publications:
- Eleonora Seisenbiyeva
Faculty of Philology, Al-Farabi Kazakh National University, Almaty 050047, Kazakhstan
1 shared publication Г.р. Сәулембек
1 shared publication
Latest Publications
- Open Access
- 30 June 2026
- Published by Institute of Literature and Art named for M. Auezov in Keruen
- Vol. 91 (2) , 184-195
А.Кемелбаева прозасындағы діни сана мен философиялық ізденістердің көрінісі
Бұл мақалада қазіргі қазақ прозасының белгілі өкілі Айгүл Кемелбаеваның «Мұнара» және «Ғибадат» шығармаларындағы діни сана мен философиялық ізденістердің көрінісі талданады. Зерттеу барысында жазушы шығармашылығындағы дін, руханият, адам жанының терең қабаттары мен рухани жаңғыру мәселелері негізгі идеялық өзек ретінде айқындалды. Әдеби талдаудың өзегі ретінде алынған «Мұнара» романы мен «Ғибадат» әңгімесінде автордың діни-философиялық ойлау жүйесін, адамның ішкі әлемін ашудағы көркемдік шеберлігін танытатын маңызды шығармаларының бірі болып табылады. «Мұнара» романында Айгүл Кемелбаева теология ілімінің заңдылықтарын көркемдік тұрғыдан бейнелей отырып, жаратылыс иесінің мінсіздігі мен оның ең асыл бейнесі ретінде ажал ұғымын жан-жақты талдап түсіндіреді. Ажал мұнда тек өмірдің соңы емес, қайта рухтың мәңгілікке өтуін, адам болмысының кемелдікке ұмтылуын танытатын метафизикалық категория ретінде қарастырылады. Жазушы А.Кемелбаева «Ғибадат» әңгімесінде жаратушыны «Асылпана» деп атап, адамзатқа ортақ тажал, яғни өлім мен рухани сынақ туралы терең философиялық ой қозғайды. Шығармада Аллашылдық идея Құран аяттарымен дәлелді түрде баяндалып, сол идея қазақ халқының діни аңыз-әңгімелері мен салт-дәстүрімен тығыз байланыстырылады. Бұл тұрғыда автор исламдық құндылықтарды қазақ дүниетанымымен шебер сабақтастырып, ұлттық руханияттағы имандылық, тәубе, сабыр, кешірім ұғымдарын көркем бейнелер арқылы айқындайды. Зерттеу Айгүл Кемелбаева прозасының діни сана мен философиялық мәнін алғаш рет кешенді түрде зерделеп, оның діни ойлау жүйесін қазіргі қазақ әдебиетінің рухани аясында қарастырды. Жазушы А.Кемелбаева шығармаларындағы діни символдар мен философиялық ізденістердің көркемдік қызметі ашылып, жан-жақты талданды. Зерттеу нәтижелері қазақ әдебиетінде діни-философиялық бағыттағы прозаның қазіргі даму үрдісін тануға, рухани тақырыптарды ғылыми тұрғыда талдауға және әдеби дәстүр сабақтастығын айқындауға мүмкіндік береді.
- 30 June 2026
- Published by Institute of Literature and Art named for M. Auezov in Keruen
- Vol. 91 (2) , 184-195
Open AccessА.Кемелбаева прозасындағы діни сана мен философиялық ізденістердің көрінісі

- 29 December 2025
- Published by Institute of Literature and Art named for M. Auezov in Keruen
- Vol. 89 (4) , 118-135
Құл-Керім Eлемес шығармашылығындағы діни-рухани поэтика
Мақалада Құл-Керім Елемес поэзиясындағы діни-сопылық дүниетанымның көркемдік жүйесі мен идеялық негіздері жан-жақты талданады. Зерттеу барысында ақын шығармаларындағы «бисмилләһ», «құлдық», «махаббат», «зікір» сияқты діни-рухани концептілердің мазмұны Қожа Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғанидың сопылық поэзия дәстүрімен салыстырыла талданды. Сондай-ақ қазақ рухани поэзиясының өкілдері Абай Құнанбайұлы және Мұқағали Мақатаев поэзиясыменсабақтастықта зерделенеді. Сонымен бірге сопылық ілімнің теориялық негіздерін терең түсіндіру мақсатында Ибн Сина, У.Читтик (The Sufi Path of Love), С.Х. Наср (The Garden of Truth), Л.Льюисон (The Heritage of Sufism) еңбектеріндегі идеялар ғылыми бағдар ретінде пайдаланылды. Мәтіндік, герменевтикалық және салыстырмалы талдау әдістері арқылы ақын шығармаларындағы илаһи таным, рух пен нәпсі тартысы, махаббат пен ақиқаттың тұтастығы секілді категориялардың поэтикалық табиғаты айқындалды. Зерттеу Құл-Керім Елемес поэзиясының рухани-философиялық мәнін алғаш рет кешенді түрде зерделеп, оның сопылық ойлау жүйесін қазіргі қазақ әдебиетінің рухани контексінде қарастырды. Ақын шығармаларындағы діни символдар мен сопылық категориялардың көркемдік қызметі ашылып, Ясауи дәстүрімен идеялық және эстетикалық сабақтастығы дәлелденді. Зерттеу нәтижелері қазақ әдебиетінде сопылық бағыттағы поэзияның қазіргі даму үрдісін тануға, рухани тақырыптарды ғылыми тұрғыда талдауға және әдеби дәстүр сабақтастығын айқындауға мүмкіндік береді.
- 29 December 2025
- Published by Institute of Literature and Art named for M. Auezov in Keruen
- Vol. 89 (4) , 118-135
Open AccessҚұл-Керім Eлемес шығармашылығындағы діни-рухани поэтика

- 29 September 2025
- Published by Institute of Literature and Art named for M. Auezov in Keruen
- Vol. 88 (3) , 260-274
КІТАБИ АҚЫН ИБРАҺИМ ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Көкшетау өңіріндегі Зеренді елді мекенінде өмір сүрген кітаби ақындардың бірі – Ибраһим Тілеуқабылұлы. Ол Арғын тайпасының Қылды Қарауыл – Көмекей руынан шыққан. Ақынның көзі тірісінде жарық көрген еңбектері «Қазақ кітабының шежіресі (1807-1917)», «Қазақ кітаптары (1806-1917)» сияқты библиографиялық жинақтарға енгенімен, қазақ әдебиеті тарихында есімі елеусіз қалып келеді. И. Тілеуқабылұлының қос бірдей шығармасы – «Имам Ағзам қиссасы» және «Қожа Баһауддин хазіретлерінің қиссасы» – 1902 жылы Санкт-Петербургтегі ресми цензурадан өтіп, 1903 жылы Қазан қаласында басылып шыққан. Бұл мәліметтер аталмыш қиссалардың 1900-1901 жылдары жазылғанын аңғартады. Қазіргі таңда «Имам Ағзам қиссасының» жалғыз нұсқасы Мәскеудегі Ресей Мемлекеттік кітапханасында (қор. каз. 1/369), ал «Қожа Баһауддин хазіретлерінің қиссасы» Алматыдағы Ғылым ордасына қарасты Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында (қор №7718) сақтаулы.«Қожа Баһауддин хазіретлерінің қиссасы» араға 102 жыл салып, 2005 жылы жарық көрген «Бабалар сөзі» көптомдығының 16-томында жарияланғаны белгілі. Осы мақалада аталған қиссаның осы басылымдағы нұсқасы мен түпнұсқа мәтіні текстологиялық тұрғыдан салыстырылып, мазмұндық және авторлық ерекшеліктері талданады. Сонымен қатар, қазақ тілінде тұңғыш рет ғылыми айналымға ұсынылып отырған «Имам Ағзам қиссасының» мазмұны мен көркемдік-стильдік сипаты сараланып, автордың шығармашылық қолтаңбасы зерделенеді.Зерттеу барысында бұл діни қиссалар арқылы қазақ халқының дәстүрлі көзқарасы мен рухани дүниесі қалай бейнеленгені көрсетіледі. Сонымен қатар, Ибраһим Тілеуқабылұлының шығармаларының әдебиеттегі, мәдениет пен тарихтағы орны айқындалады.